БАҒДАРЛАМАЛЫҚ АККРЕДИТТЕУ
Бағдарламалық (мамандандырылған) аккредиттеу - оқу орны жүзеге асыратын, даярланатын түлектер сапасының кәсібіне сәйкестігін бағалауға арналған, жеке білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау. Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу қабылданған стандарттар мен талаптарға берілген бағдарламаның дайындық сәйкестігін анықтау мақсатында аккредиттеу агенттігімен жүргізілетін ресми сараптама болып табылады.
Бағдарлама сапасын қамтамасыз ету мен дамыту тәсілдеріне және механизмдеріне объективті көзқарасты ұсынатын сыртқы сарапшылармен сапаны қамтамасыз ету жүйесінің IQAA сапа стандарттарына сәйкестігі бағаланады. Аккредиттеу оқу орнының аккредиттелген білім бағдарламаларының сапа, сенімділік кепілдігі рөлін атқаруға, талапкерлер мен олардың ата-аналары тарапынан сенімділікті қалыптастыруға, түлектер алған білімнің сәйкестігі жұмысберушілер тарапынан мойындалуын қадағалауға арналған.
Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын аккредиттеу стандарттары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, Жоғары білім сапасын қамтамасыздандырудың еуропалық стандарттары мен нұсқаулықтарына (ESG) және жоғары білім беру бағдарламаларының аудиті бойынша халықаралық тәжірибеге сәйкес әзірленген.
Жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын аккредиттеу стандарттары жалпыға бірдей танылған негізгі ұғымдарға негізделеді: оқу орындарының сапалы білімді қамтамасыздандыру жауапкершілігі, қоғамның, мүдделі тараптардың және, ең алдымен, студенттердің сапалы білім алу мүдделерін ескеру және қорғау, жоғары білім беру бағдарламаларының әлеуметтік және кәсіби құзыреттілікке сәйкестігі, жеке адамның және қоғамның кәсіпті меңгерудегі білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Бағдарламалық (мамандандырылған) аккредиттеу стандарттары (2021, қысқаша, орыс тілінде)
Резидентурада дәрігерлердің жоғары оқу орнынан кейінгі даярлығын бағдарламалық аккредиттеу стандарттары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Техникалық реттеу туралы» заңдары; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің нормативтік құжаттары; Дүниежүзілік медициналық білім федерациясының жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім сапасын жақсартудың халықаралық стандарттары, Еуропалық стандарттар мен нұсқаулықтарға сәйкес, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің ұлттық және аймақтық қажеттіліктері мен басымдықтарын ескере отырып, әзірленді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім - резидентура - бұл медициналық білім беру кезеңі, оның барысында дәрігерлер бастапқы медициналық дайындықтан өткеннен кейін тәжірибе жинақтайды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (2007 ж. 27 шілдедегі No 319-3, 22-бап) сәйкес, кәсіби резидентураны оқыту бағдарламасын меңгеру жоғары білім алған азаматтардың клиникалық тәжірибеге түсуінің міндетті шарты болып табылады. клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім.
БАСТАПҚЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ АККРЕДИТТЕУ
Жоғары оқу орындарын бастапқы бағдарламалық аккредиттеу (ex-ante) – аккредиттеу органының жарияланған мәртебесі мен стандарттарына сәйкестігін бітірушілер мен жұмыс берушілерсіз білім беру бағдарламасының (бағдарлама бойынша білім беру қызметіне мемлекет берген лицензиясы бар) сапасын бағалау рәсімі.
Білім беру бағдарламасын бастапқы аккредиттеу мәртебесі ұсынылған немесе әзірленген бағдарлама ESG негізінде әзірленген IQAA аккредиттеу стандарттарына сәйкес келу әлеуетін көрсеткенде беріледі.
Бастапқы бағдарламалық аккредиттеу түлектермен және жұмыс берушілермен сұхбатты және бастапқы аккредиттеу мәртебесін алғаннан кейін сараптама тобының ұсынымдарын орындауды қоспағанда, білім беру ұйымы/білім беру бағдарламасы қызметін бағдарламалық аккредиттеу стандарттары мен өлшемдеріне сәйкес сыртқы аудит жүргізудің барлық рәсімдерін көздейді.
Аккредиттеу жыл сайын білім алушылардың алғашқы түлектеріне дейін жүргізіледі. Білім беру бағдарламаларын бастапқы аккредиттеу туралы келесі шешімдер қабылданады:
- Білім алушылардың алғашқы түлектері оқуын аяқтағанға дейін білім беру бағдарламасын жыл сайынғы тексеру арқылы 1 (бір) жылға аккредиттеу;
- Аккредиттеуге болмайды.
ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ
Институционалдық аккредиттеу – мәлімделген мәртебеге сәйкес білім беру мекемесінің сапа деңгейін бағалау процесі. Институционалдық аккредиттеу барысында оқу орнының білім беру сапасы және ғылыми қызметі бағаланады.
Жоғары оқу орындарын аккредиттеу стандарттары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, Жоғары білім сапасын қамтамасыздандырудың еуропалық стандарттары мен нұсқаулықтарына (ESG), Болон үрдісінің талаптарына, институционалдық аккредиттеу және жоғары білім аудиті бойынша халықаралық тәжірибеге сәйкес әзірленген.
Институционалдық аккредиттеу стандарттары және өлшемдері жоғары оқу орындарының білім беру сапасын ішкі сапа кепілдігіне арналған.
Институционалдық аккредиттеу стандарттары мен өлшемдері ESG төрт негізгі қағидатына негізделеді
1. Жоғары оқу орындары білім сапасына және білім беру қызметін ұсыну сапасына толығымен жауапты.
2. Сапаны қамтамасыздандыру жоғары білім жүйесінің, жоғары оқу орындарының, білім беру бағдарламаларының және студенттердің алуан түрлілігіне сәйкес келеді.
3. Сапаны қамтамасыздандыру сапа мәдениетінің дамуын қолдайды.
4. Сапаны қамтамасыздандыру студенттердің, барлық мүдделі тараптардың және қоғамның қажеттіліктері мен үміттерін ескереді.
Жоғары оқу орындарын институционалдық аккредиттеу стандарттары (2021, қысқаша нұсқасы, орыс тілінде)
БАСТАПҚЫ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ
Жоғары оқу орындарын бастапқы институционалдық аккредиттеу (ex-ante) – түлектері жоқ (білім беру қызметіне мемлекеттік лицензиясы бар) жоғары оқу орнының сапасын мәлімделген мәртебеге және аккредиттеу органының стандарттарына сәйкестігін бағалау процесі.
Білім беру ұйымын бастапқы аккредиттеу мәртебесі оқу орны ESG негізінде әзірленген IQAA аккредиттеу стандарттарына сәйкес келуі үшін өз мүмкіндіктерін көрсеткенде беріледі.
Бастапқы институционалдық аккредиттеу түлектермен сұхбатты және бастапқы аккредиттеу мәртебесін алғаннан кейін сараптама тобының ұсынымдарын орындауды қоспағанда, білім беру ұйымының/білім беру бағдарламасы қызметін институционалдық аккредиттеу стандарттары мен өлшемдеріне сәйкес сыртқы аудит жүргізудің барлық рәсімдерін көздейді.
ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫДАН КЕЙІНГІ БІЛІМДІ АККРЕДИТТЕУ
IQAA аккредиттеу стандарттары "Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулықтарына" (ESG) сәйкес әзірленген және оқу орындарының білім сапасын ішкі қамтамасыз етуге арналған. Аккредиттеу рәсімінде мемлекеттік нормативтік-құқықтық құжаттар мен халықаралық стандарттар да назарға алынады.
IQAA аккредиттеу рәсімі 4 кезеңнен тұрады:
- білім беру ұйымының Агенттікке аккредиттеуге өтінімді, қызметінің қысқаша сипаттамасын және бас лицензияның көшірмелерін беруі;
- IQAA мен білім беру ұйымы арасында аккредиттеуді өткізу туралы шартқа қол қою. Шартта тараптардың құқықтары мен міндеттері, рәсімнің құны, өткізу кезеңдері, аккредиттеуді өткізу мерзімдері көрсетіледі. Мемлекеттік ұйымдармен шартқа электрондық порталда мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізгеннен кейін ғана қол қойылуы мүмкін;
- үйлестірушінің тағайындалуы, егер Агенттік ұйыммен алғаш рет жұмыс істесе, ұйымға алдын ала іс-сапарға жіберіледі;
- өзін-өзі бағалау есебін әзірлеу және аккредиттеу рәсімін өткізу бойынша ұйымның жұмыс топтары үшін оқыту семинарларын жүргізу;
- оқу орнының өзін-өзі бағалау рәсімін жүргізуі, IQAA стандарттары мен өлшемдеріне сәйкес өзін-өзі бағалау есебін даярлау;
- өзін-өзі бағалау есебінің алғашқы нұсқасын ұсыну және техникалық сараптама жүргізу. Сараптама нәтижелері жоғары оқу орнына жіберіледі, қажет болған жағдайда өзін-өзі бағалау есебі оқу орнымен пысықталады;
- өзін-өзі бағалау есебінің және қосымшаларының өңделген нұсқасы Агенттікке ұсынылады;
- институционалдық аккредиттеуде алдын-ала аудит өткізіледі.
- IQAA құрамына Қазақстанның оқу орындарының өкілдері, жұмыс беруші, студент және халықаралық сарапшы кіретін сарапшылардың (аудиторлардың) құзыретті тобын құрады;
- топ өзін-өзі бағалау есебінің сараптамасын жүргізумен қатар құрылады;
- агенттік сыртқы аудит тобының құрамы туралы оқу орнына мәлімдейді. Егер білім беру ұйымында аудиторлардың біреуінде мүдделер қайшылығына күдік туындаса, жазбаша дәлелді негіздемені тіркеп, сарапшыны алмастыру үшін Агенттікке жүгінуге құқылы;
- үйлестіруші сыртқы аудитке дайындалу үшін сарапшылар тобының мүшелеріне бірнеше апта бұрын өзін-өзі бағалау материалдарын және әдіснамалық қамсыздандыруды жолдайды;
- үйлестіруші сарапшыларды оқыту және аудиттің ұйымдастырушылық мәселелерін талқылау мақсатында сарапшылар тобына алдын ала вебинар өткізеді, оқу орнына тура сапар алдында - брифинг өткізіледі;
- оқу орнына сыртқы аудит (3 күн). Сыртқы аудит өзін-өзі бағалау есебіндегі ақпараттың растылығын, ұйымдағы істердің нақты жай-күйін бағалаумақсатында жүргізіледі;
- сарапшылар тобы сыртқы бағалау есебін құрып (ескертулерді, жақсартуға ұсынымдарды, оңтайлы тәжірибені көрсете отырып), үйлестірушіге жолдайды;
- IQAA үйлестірушісі фактологиялық дәлсіздіктер орын алса, оларды жою мақсатында ұйымның қызметін бағалау жөніндегі сарапшылар тобының есебін оқу орнына жолдайды;
- қажеттілік туындаса, оқу орындары шағымдануға құқылы.
- Сыртқы сарапшылар тобының есебін талдау және аккредиттеуден кейінгі мониторинг бөлімі сарапшылар кеңесімен бірігіп сыртқы аудит есебін тексереді және өңдейді, және Аккредиттеу кеңесі үшін аккредиттеу қорытындысын әзірлейді;
- өзін-өзі бағалау, сыртқы бағалау есептеріне және қорытындыға негізделе, Агенттік үйлестірушісі Аккредиттеу кеңесіне презентацияны дайындайды;
- IQAA Аккредиттеу кеңесінің мәжілісінің өткізілуі және оқу орнын аккредиттеу жөнінде шешімнің қабылдануы. Аккредиттеу кеңесі өзін-өзі бағалау және сыртқы бағалау есептеріне, қорытынды мен презентацияға сүйене, тәуелсіз шешім қабылдайды. Алайда, Аккредиттеу кеңесі мүшелерінің пікірлерін, оқу орны туралы қосымша ақпаратты және дәлелді негізді ескере бағалау нәтижесі өзгеруі мүмкін;
- оқу орнына және сыртқы аудитті жүргізген сарапшылар тобына аккредиттеу жөнінде қабылданған шешім туралы хабарлау;
- қажеттілік туындаған жағдайда, оқу орындары апелляцияға беруге құқылы;
- Агенттік сайтында сыртқы аудит есебінің және аккредиттеу нәтижелерінің жариялануы. Аккредиттелген білім беру ұйымының, бағдарламаның IQAA сайтында ұсынылған «Шешімдер және есептер тізіліміне» енгізілуі;
- DEQAR базасында сыртқы аудит есебінің жариялануы;
- аккредиттелген жоғары оқу орнының сәйкес Ұлттық тізілімге енгізілуі үшін ақпараттың ҚР БҒМ жіберілуі.
- Агенттікпен тұрақты аккредиттеуден кейінгі мониторингтің өткізілуі.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ
2011 жылдан бастап жоғары білім беру сапасын бағалау саласында қабылданған реформалардың арқасында білім беру қызметтерінің сапасын арттырудың негізгі құралдарының бірі ретінде аккредиттеудің рөлі айтарлықтай күшейтілді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 9-1 бабына сәйкес аккредиттеу ерікті негізде коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдармен жүзеге асырылады. Білім беру ұйымы аккредиттеу органын дербес таңдайды. Мемлекет аккредиттеуді ұсынушыларды тану және оларды аккредиттелген органдардың ұлттық тізіліміне енгізу арқылы реттеу құқығын өзіне қалдырады.
Қазақстандағы ұлттық және халықаралық аккредиттеу агенттіктері ENQA (European Association for Quality Assurance in Higher Education) жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі еуропалық ірі қауымдастығы бекіткен Еуропалық кеңістіктегі (ESG — European Standards and Guidelines) жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы стандарттар мен басшылық қағидаттарын басшылыққа алады.
Сапаны бағалаудың сыртқы және ішкі процедураларын халықаралық және еуропалық стандарттармен үйлестіру, сондай-ақ ENQA-ға аккредиттеу органдарының мүшелігі қазақстандық білім беру жүйесін еуропалық деңгейде қолдаудың алғышарты болып табылады.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2023-2024 оқу жылының басына Қазақстан Республикасында жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындарының саны 112 ұйымды құрады, оның ішінде 77 университет, оның ішінде зерттеу университеттері, 14 Академия, 10 институт және оларға теңестірілген консерваториялар, жоғары мектептер мен жоғары училищелер, 8 ұлттық жоғары оқу орындары, 3 ұлттық зерттеу университеті.
Тәуелсіздік жылдары мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында мемлекет жоғары білім беру жүйесінде ауқымды реформаларды жүзеге асырды. 2010 жылы Қазақстан Болон процесіне қосылды, жоғары оқу орындарын лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді, ЖОО филиалдарының қызметіне тыйым салынды, 2018 жылы ЖОО-дарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту бойынша заңнамалық өзгерістер енгізілді, 27 мемлекеттік ЖОО коммерциялық емес Акционерлік қоғамдар болып қайта құрылды, тәуелсіз және дербес ұйым ретінде Академиялық адалдық лигасы құрылды, 2019 жылдың 1 қаңтарында сырттай оқу тоқтатылды, соңғы жылдары гранттар бойынша жоғары оқу орындарына қабылдау ережелері күшейтілді.
2023-2024 оқу жылының басында жоғары оқу орындарындағы студенттердің жалпы саны 635157 адамды құрады, оның ішінде бакалавриат бағдарламалары бойынша – 592700, магистратура бағдарламалары бойынша - 36491, докторантура бағдарламалары бойынша – 5966 адам.
2022-2023 жылдың басында ПОҚ жалпы саны 36,4 мың оқытушыны құрады, оның ішінде магистрлер 39%, ғылым кандидаттары - 29%, доценттер - 13%, философия докторлары (PhD) - 10%, ғылым докторлары - 7%, профессорлар - 6% және бейіні бойынша докторлар - 1%.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі көп деңгейлі және үздіксіздігімен сипатталады және келесі білім деңгейлерін қамтиды:
- 0. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту - 1/6 жастан бастап.
- 1. Бастауыш білім (4 жыл); қабылдау - 6/7 жастан бастап.
- 2. Негізгі орта білім; қабылдау - 10/11 жастан бастап.
- 3. Орта білім; қабылдау - 15/16 жастан бастап:
- - жалпы орта білім;
- - техникалық және кәсіптік білім: жұмысшы және орта деңгейлі маманның біліктілігі, қабылдау - 15/16 жастан бастап.
- 4. Орта білімнен кейінгі білім: жоғары деңгейлі жұмысшының біліктілігі; қабылдау - 17/18 жастан бастап.
- 5. Толық емес жоғары білім - қолданбалы бакалавриат; қабылдау- 17/18 жастан басап.
- 6. Жоғары білім: бакалавр біліктілігі, медициналық мамандықтар бойынша маман; қабылдау - 17/18 жастан бастап.
- 7-8. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім: магистратура және PhD докторы біліктілігі.
Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымы «Білім туралы» Заңмен (27.07.2007) реттеледі. 2010 жылы Болон декларациясына қол қоюмен Қазақстанда «бакалавр-магистр-доктор PHD» жоғары деңгейлі білім беру жүйесі енгізілуде. Бұл құрылым өзінің заңды растамасын «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тапты:
1) Жоғары базалық білім - бакалавриат бағдарламасы - оқу мерзімі 4 жыл;
2) Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, оның ішінде оқытудың ғылыми-педагогикалық бағыты - магистратура - мамандандырылған магистратурада оқу ұзақтығы - 1 жыл, ғылыми-педагогикалық - 2 жыл;
3) Философия докторларын (PhD), бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламасы – докторантура – магистратура бағдарламаларын аяқтағаннан кейін. Оқу ұзақтығы-кем дегенде 3 жыл немесе одан көп.
Болон декларациясына сәйкес сынақ бірліктері немесе кредиттер жүйесін енгізу білім беру бағдарламаларын тануды қамтамасыз етеді. Оқытудың кредиттік технологиясын енгізу ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық деңгейде тануға, студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру сапасын арттыруға және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің барлық деңгейлері мен сатыларының сабақтастығын қамтамасыз етуге елеулі үлес болып табылады. Демек, еліміздің барлық жоғары оқу орындары ECTS типі бойынша әзірленген кредиттерді қайта есептеудің қазақстандық моделін пайдаланады (ECTS туралы біздің парақшамызға сілтеме). ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System / Еуропалық сынақ бірліктерін аудару жүйесі) - білім беру бағдарламасын немесе жеке курсты меңгеру кезінде студенттің оқу жүктемесін өлшеудің әмбебап жүйесі.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Жоғары оқу орындарына жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар қабылданады.
ЖОО-ға қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде немесе ақылы негізде ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру туралы сертификат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес түлектер ҰБТ-ны 5 рет тапсыра алады. Мамыр мен шілде айлары аралығында ҰБТ тапсырған талапкерлер мемлекеттік білім беру грантын беру конкурсына қатыса алады.
2010 жылдың наурызында Қазақстан ресми түрде Болон декларациясына қосылып, Еуропалық білім беру кеңістігінің 47-ші мүшесі және Еуропалық білім беру кеңістігінің толық мүшесі болып танылған бірінші Орта Азия мемлекеті болды.
Болон декларациясына қол қойылуына байланысты, ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес, 2011 ж. басында Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында, студенттер мен оқытушылар мобильділігін, білім сапасын жақсарту мақсатында, ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System) негізделген оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді.
Бір қазақстандық академиялық кредиттің еңбек сыйымдылығы (30 академиялық сағат) 1 ECTS кредитіне сәйкес келеді (25-30 академиялық сағат). ECTS жүйесі бойынша кредиттерді қайта есептеу коэффициенттері білім деңгейіне және оқу түріне (теориялық, зертханалық, студиялық және т.б.) байланысты өзгереді. Профессор-оқытушылар құрамының жүктемесін жоспарлау академиялық сағаттармен және кредиттермен жүргізіледі.
COVID-19 пандемиясы оқу процесіне айтарлықтай түзетулер енгізді. Еліміздің барлық жоғары оқу орындары жаңа болмысқа бейімделу үшін оқытудың онлайн форматына көшуге мәжбүр болды. Пандемия жоғары білім беру саласына жаһандық ауқымда неғұрлым үлкен ықпал көрсеткенімен, ол өз процестерін қашықтан форматқа көшіруге дайындалған Қазақстандағы аздаған салалардың бірі болғанын атап өткен жөн.
2020 жылдың 16 наурызынан бастап еліміздің 116 ЖОО қашықтықтан оқытуға көшті. Студенттердің басым көпшілігі үйде оқыды, алайда 5 мың қазақстандық студент және 4 мың шетелдік студент оқу орны бойынша жатақханаларда қалды, өйткені жатақханаларда қашықтықтан оқыту үшін жағдайлар жасалған болатын.
Еліміздің жоғары оқу орындары оқу процесіне қашықтықтан оқыту технологияларын енгізуде белгілі бір тәжірибеге ие, өйткені кейбір жоғары оқу орындары оқытудың аралас нысанын, ал басқалары – қашықтықтан оқыту форматын пайдаланған болатын. Жоғары оқу орындары ZOOM, Platonus, Moodle, Microsoft Teams, Webex Cisco және басқалары сияқты арнайы платформаларды пайдаланады. Бірқатар университеттерде өздігінен дамыған платформалар қолданылады. Пандемияның қиын жағдайында университеттер өз қызметкерлері мен оқытушылар құрамына оқыту курстарын ұйымдастыруға қолдау көрсетті. Барлық жоғары оқу орындары мен колледждерде студенттер мен оқытушыларға техникалық қолдау көрсететін Help Desk-жүйесі жұмыс істейді. Өзекті ақпарат алу және білім беру процесін жақсарту үшін студенттерге, оқытушылар құрамына және қызметкерлерге қанағаттану бойынша тұрақты түрде сауалнама жүргізіледі.
IQAA ҚҰЖАТТАРЫ
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПТЕР
СТАНДАРТТАР
ЕРЕЖЕЛЕР
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР
Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыздандыру стандарттары және нұсқаулықтары (ESG) Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру еуропалық қауымдастығының (ENQA) Студенттердің еуропалық одағымен (ESU), Жоғары оқу орындарының еуропалық қауымдастығымен (EURASHE) және Университеттердің еуропалық қауымдастығымен (EUA) бірлесе әзірленген ұсынысы бойынша 2005 жылы білім министрлерімен қабылданған.
2005 жылдан бері сапаны қамтамасыздандыру, сонымен қатар Болон үдерісінің басқа бағыттары аясында бірқатар ілгері қадамдар жасалды.
2012 жылы министрлер коммюникесі Е4 тобын (ENQA, ESU, EUA, EURASHE) Халықаралық білім беру, Бизнес Еуропа және Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың еуропалық реестрімен (EQAR) бірлесе «олардың айқындылығын, қолданбалылығын және пайдасын, соның ішінде қолданылу аясын жақсарту мақсатында» ESG қайта қарастырылған жобасын әзірлеуге шақырды.
ESG жаңа редакциясын әзірлеу негізгі мүдделі тараптардың, сонымен қатар министрліктердің қатысуымен өткізілген бірнеше кеңестер кезеңінен тұрады. Барлық ескертулер, ұсыныстар және нұсқаулықтар мұқият талданып, Басқарушы топпен (БТ) қабылданды. Олар Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігіндегі сапаны қамтамасыздандыруға арналған стандарттар және нұсқаулықтардың (ESG) соңғы нұсқасында орын алған. ESG жаңа стандарттары 2015 жылы Ереван қаласында (Армения) өткен Жоғары білім министрлерінің конференциясында қабылданған.
Жаңа ESG 2015 түпнұсқалық құжаты, оның бейресми аудармалары және қосымша ақпарат ENQA веб-сайтында ұсынылған.
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі ESG өзінің бейресми аудармасын (орыс тіліндегі) әзірлеген және төмендегі сілтемеде ұсынылады:
ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System - Кредиттерді аудару және жинақтаудың еуропалық жүйесі) студенттердің шетелде білім алу кезінде алған кредиттерді олардың бастапқы жоғары оқу орындарына қайтуы барысында аудару тәсілі ретінде Эразмус бағдарламасы аясында 1989 жылы енгізілген. Қазіргі таңда бұл жүйе кредиттерді жинақтауда, бағдарламаларды әзірлеуде, сипаттауда және жүзеге асыруда, кредиттерді және білім алу кезеңдерін растау үдерісі көмегімен әр түрлі мемлекеттер ішінде студенттердің мобильділігіне мүмкіндік бере отырып, қосымша міндет атқарады. ECTS қолдану нұсқаулығы ECTS жүзеге асырудағы ұсыныстар және қосымша пайдалы құжаттарға сілтемелер болып табылады.
2009 жылғы ECTS қолданылу нұсқаулығы 2014 жылы 17-18 қарашада Рим қаласында Болон үдерісінің жұмыстық тобымен қарастырылды және 2015 жылы мамыр айында Ереван қаласында (Армения) өткен Министрлер конференциясында мақұлданған. Берілген қайта қарастырылған нұсқа Болон үдерісінің мемлекеттерінде, сонымен қатар жеке мемлекеттерде әзірленген, соңғы жылдары жасалған жұмыстарға негізделген. Бұл академиялық қоғамға және жоғары білім берудегі басқа мүдделі тараптарға Болон үдерісімен насихатталатын бағытта жүруге көмектесу мақсатында өткізілген.
Қайта қарастырылған нұсқаулықта Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігін құру, үздіксіз білім беруді нығайту, оқытушыға орталықтандырылған жоғары білім беруден студентке орталықтандырылған білім беруге ауысу парадигмалары, оқыту нәтижелері түсініктері қолданысының артуы, оқытудың жаңа формаларын әзірлеу сияқты Болон үдерісіндегі соңғы әзірленімдер ескерілген.
Берілген ақпарат ресми ECTS қолдану нұсқаулығынан алынған.
Кредиттерді аудару және жинақтаудың еуропалық жүйесі туралы толығырақ ақпарат Еуропалық комиссияның ресми веб-сайтында берілген.
INQAAHE (Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру агенттіктерінің халықаралық желісі) тиісті тәжірибе туралы нұсқаулығы даму кезеңіне тәуелсіз, барлық сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерінің жұмысында қолдануға арналған. INQAAHE тиісті тәжірибе туралы нұсқаулығы алғаш 2003 жылы басылып шығарылды және 2006 жылы қайта қаралды. INQAAHE тиісті тәжірибе туралы нұсқаулығының жаңа нұсқасында 2003 жылғы нұсқаны қолданған мекемелердің, бағдарламалардың және сарапшылардың тәжірибесі көрініс тапқан. Ол INQAAHE үздіксіз жетілдіру үдерісін жалғастыру мақсатында әзірленген.
Тиісті тәжірибе туралы нұсқаулық мақсаты - ішкі және/ немесе сыртқы сапаны қамтамасыздандыруда тиісті тәжірибені жетілдіру. Нақты мақсаттарына:
- сыртқы сапаны қамтамасыздандырудың жаңа агенттіктерін (EQAAs) құру нұсқаулығына арналған қорды (базаны) жасау;
- сыртқы сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерінің өзін-өзі бағалау және сыртқы бағалау барысында қолдануына арналған критерийлерді ұсыну;
- сыртқы сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерінің және олардың қызметкерлерінің арасында кәсіби дамуды жетілдіру;
- сыртқы сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерінің қоғам алдында есеп беруін жетілдіру.
Берілген ақпарат INQAAHE тиісті тәжирибе нұсқаулығының ресми нұсқасынан алынған.
INQAAHE тиісті тәжірибе туралы нұсқаулығы туралы толығырақ ақпарат INQAAHE ресми веб-сайтында қол жетімді.
Мойындау туралы Лиссабон конвенциясы(Еуропа аймағындағы жоғары білімге тиісті біліктілікті мойындау туралы конвенция) Еуропа және ЮНЕСКО кеңесімен әзірленген және 1997 жылы 11-сәуірде Лиссабонда ұлттық өкілдермен қабылданған. Ол жоғары білім беру жүйесіндегі сәйкес біліктілікті мойындау туралы келісілген және тізбекті құрылымды құруды қарастырады. Бұл құжат қол қойған бір мемлекеттегі біліктіліктің екінші мемлекетте мойындалатынына кепілдік беру мақсатында әзірленген.
Мойындау туралы Лиссабон конвенциясының негізгі принциптері:
- Бір мемлекетте біліктілікке ие тұлға басқа мемлекетте осы біліктілігінің бағалану мүмкіндігіне ие болуы тиіс.
- Сұратылатын біліктілікті мойындаудың жалпы талаптары арасындағы елеулі айырмашылықтардың болуы дәлелденуі мүмкін жағдайлардан бөлек, әр мемлекет, оның жоғары білім беру жүйесін құрайтын бағдарламаларға қолжетімділікке рұқсат беру мақсатында, басқа мемлекетте берілген және жоғары білімге рұқсат алуға қойылатын жалпы талаптарға жауап беретін біліктілікті мойындауға тиіс.
Басқа мемлекетте берілген жоғары білім біліктілігін мойындау нәтижесінде келесі салдар туындайды:
- жоғары білім беру жүйесінде оқуды жалғастыруға және/немесе ғылыми дәрежені алуға бағытталған бағдарламаларда дайындыққа, мойындау сұратылатын мемлекеттегі біліктілікке ие кандидатқа қолданылатын шарттарға сәйкес, қолжетімділік;
- ғылыми дәрежені мойындау сұратылатын мемлекеттің заңдарына және қаулыларына сәйкес қолдану;
- сонымен қатар, мойындау еңбек нарығына қолжетімділікті жеңілдетуі мүмкін.
Берілген ақпарат Мойындау туралы Лиссабон конвенциясының ресми құжатынан алынған.
Мойындау туралы Лиссабон конвенциясы туралы толығырақ ақпарат Еуропа кеңесінің ресми сайтында берілген.
ҚР НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЖАТТАРЫ
Білім беру «Қазақстан - 2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі ретінде танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосу міндетін қойған болатын. Бұл мақсатқа жетуде білім беру жүйесін жетілдіру маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі қазақстандық білім берудің мемлекеттік саясатын және жаңғыртуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.
Бағдарлама білім беру мен тәрбиелеу құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы, басқару жүйесіндегі, білім беру қызметі субъектілерінің ұйымдық-құқықтық нысандарындағы және қаржы-экономикалық тетіктердегі өзгерістерді қамтитын ресурстар мен мерзімдер бойынша өзара байланысты іс-шаралар кешенін білдіреді.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы).
- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III заңы (2021.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
- «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы № 407-IV заңы (2021.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V заңы
- «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603 Заңы
- «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» ҚР 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңы
- «Еуропалық аймақтағы жоғары бiлiмге қатысты бiлiктiлiктi тану туралы конвенцияны бекiту туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 202 заңы
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 шiлдедегi № 171-VІ заңы
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 шiлдедегi № 171-VІ заңы
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМДАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
Есепті кезеңде агенттік жыл сайын сарапшыларды оқыту үшін шетелдік және ұлттық сарапшылардың қатысуымен халықаралық семинарлар, конференциялар мен форумдар өткізеді.
Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша жыл сайынғы Еуразиялық форум ұлттық және халықаралық жетекші академиктердің, саясат қайраткерлерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің, белсенділердің, еңбек нарығы өкілдері мен студенттердің, сондай-ақ барлық мүдделі тұлғалардың қатысуымен жоғары білім беру және сапаны қамтамасыз ету саласындағы ең өзекті мәселелерді талқылауға арналған платформа болып табылады.
Сонымен қатар, IQAA тұрақты түрде шетелдік спикерлерді шақыра отырып, семинарлар, конференциялар және воркшоптар өткізеді. Іс-шаралар тізімі Пресс-орталық қосымша бетінде қол жетімді.
Форум жұмысына академиялық қоғамдастық өкілдерінен 200-ден астам адам қатысты: Қазақстан университеттерінің ректорлары, проректорлары, қоғам қайраткерлері, ұлттық және халықаралық сарапшылар, Тәжікстан, Ресей, Литва және Әзірбайжан университеттерінің басшылары мен оқытушылары. Толығырақ
Биыл жыл сайынғы Еуразиялық форум Агенттіктің 15 жылдығымен тұспа-тұс келді. Форумға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, АҚШ, Испания және Эстония мемлекеттерінен 60-тан астам университеттері мен білім саласындағы ұйымдарынан 220-дан астам адам (112 офлайн және 111 онлайн) қатысты. Форумның «Жоғары білімдегі трансформациялаудың жаңа жолдары» тақырыбы екі сессиядан тұрды: Университеттің цифрлық мәдениеті және Микрокредиттер және микро біліктіктерТолығырақ
Форум тақырыбы 2015 жылғы 25 қыркүйектегі БҰҰ күн тәртібіндегі 2030 жылға дейін тұрақты даму саласындағы «Тұрақты даму үшін білім беру» мақсатымен тікелей байланысты. Форумда әрбір адам үшін білімнің қолжетімділігі, өмір бойы білім алу, жоғары білім жүйесіндегі цифрландыру және т.б өзекті мәселелер қаралды. Форумның спикерлері жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары, проректорлары мен өкілдері, сондай-ақ шетелдік өкілдер болды. ЮНЕСКО, Білім және білім департаменті, аккредиттеу агенттіктері мен Канада, Біріккен Араб Әмірліктері, Литва, Ұлыбритания, Ресей Федерациясы және Өзбекстан университеттері.Толығырақ
Форум жоғары оқу орындарының ішкі жүйе сапасын қамтамасыз етудегі көптеген өзекті мәселелерді қозғады, оның ішінде атап айтқанда: ішкі жүйе сапасын қамтамасыз ету мен ұйымдастырудың ерекшеліктері, сапаны қамтамасыз етудің жаңа модельдері мен тұжырымдамалары, табысты тәжірибелер, жоғары оқу орындарындағы білім берудің ішкі сапасын қамтамасыз етудің жолдары мен қиындықтары. Форум бағдарламасында қазақстандық университеттердің ректорлары, проректорлары мен жетекшілері, сондай-ақ Аустрия, Испания, Литва, Германия, Әзірбайжан Республикасы, Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Эстония және Бельгия елдерінің аккредиттеу агенттіктері мен жоғары оқу орындарының өкілдері сөз сөйледі. Толығырақ
Форумның тақырыбы пандемия жағдайында қашықтықтан білім беруге арналды. Форум жұмысына үш жүзге жуық қатысушы қатысты. Форум жұмысына шетелдік спикерлер қатарынан Австрия, Әзірбайжан, Ұлыбритания (QAA), Қырғызстан (ААЕРО), Литва (SKVC), Ресей (АККОРК), Украина және Эстония (EKKA) аккредиттеу агенттіктері мен университеттерінен 11 адам қатысты. Еуразиялық Форум барлық қатысушыларға білім беру және сапаны қамтамасыз ету саласындағы жетекші әлемдік мамандардың атынан халықаралық контексте өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Толығырақ
EQAR президенті, проф.Карл Дитрихтің "Сапа, сапаны қамтамасыз ету және цифрландыру дәуіріндегі ынтымақтастық, ал QAA СЕО Дуглас Блэксток "Цифрлық дәуірдегі сапаны қамтамасыз ету және жетілдіру: Біріккен Корольдіктің тәсілі" тақырыбына баяндамаларын ұсынды. Қазақстандық ректорлар, проректорлар, профессорлар қазақстандық оқу орындарында цифрландыру және сапаны қамтамасыз ету қалай жүзеге асырылатыны туралы айтып берді. Форум тақырыбы өзекті болғандықтан, Форум ұлттық форматқа ие болды. Форум негізінде бұқаралық ақпарат өкілдері білім беруді цифрландыру туралы телефильм шығарды, онда IQAA Бақылау кеңесінің төрағасы, профессор Жақсыбек Күлекеев, EQAR президенті, проф.Карл Дитрих, QAA СЕО Дуглас Блэксток және Форумның басқа да қатысушылары сөз сөйледі. Толығырақ
Форумның негізгі спикерлері ретінде Колин Тук (EQAR), РАО академигі А.Вербицкий (Ресей), Жоғары білім беруді дамыту және сапаны арттыру орталығының (CHEDQE) сапа жөніндегі менеджері Петра Пистор, Нидерланды және Фландрияны аккредиттеу жөніндегі аға кеңесші Мишель Вера (Nvao, Нидерланды), Философия докторы Майки Удам сөз сөйледі. Сонымен қатар, форумда Питер Ярвелайд (Эстония), Эстер Хуертас Хидалго және ұлттық сарапшылар да белсенділік танытты. Толығырақ

Конференция күндері білім беру саласындағы беделді сарапшылар болып табылатын 40-қа жуық баяндамашы баяндама жасады. Конференцияда 60 елінен 250 қатысушы табылды. Конференция жұмысына жоғары білім саласындағы халықаралық сарапшылар, ЮНЕСКО-ның жетекші сарапшылары, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, шетелдік және қазақстандық аккредиттеу агенттіктері мен университеттерінің өкілдері қатысты. Толығырақ
Конференция барысында халықаралық сарапшылар ретінде Ресей мен Латвиядан профессорлар шақырылды. Жалпы конференция жұмысына 110-нан астам адам қатысты. IQAA қызметкерлері 4 фокус-топ ұйымдастырды, оның аясында сарапшылар сыртқы аудит туралы есептерді жазу кезінде пайдаланатын сандық және сапалық көрсеткіштер, сыртқы сарапшылар тобының есебін дайындау кезеңдері, сұхбат дайындау мәселелері және сарапшы жұмысындағы этикалық аспектілермен танысты.Толығырақ
ENQA хатшылығының Ассамблея қатысушылары арасында жүргізген сауалнамасы ENQA мүшелерінің іс-шараны ұйымдастыру және басқару бойынша жоғары бағасын көрсетті. Толығырақ
Аталған конференцияда HCERES Француз агенттігінің өкілдері сөз сөйледі: ENQA Басқарма мүшесі Франсуа Перно және Соланж Пизар; Алкала университетінің профессорлары (Испания): Альфредо Гардель Висенте, Хосе Луис Лазаро Галилея, Игнасио Браво Муньоз, Клермон Оверни университетінің профессоры (Франция) Мари-Элизабет Бодуэн, Бернард Ремо, профессор, инженерлік білім беру бағдарламаларын аккредиттеу жөніндегі Еуропалық желінің Президенті (ENAEE) (Франция), Рубен Топчян, директор, кәсіптік білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық білім беру (anqa) (Армения). Толығырақ
Осы іс-шараға Люсьен Боллаерттің «Жоғары білім берудегі ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесінің менеджменті» кітабы орыс тіліне аударылды. Сонымен қатар, агенттік EURASHE-ден 200 дана кітап шығаруға рұқсат алды. Сондықтан конференцияның барлық қатысушылары автор кітабының аударма басылымын ала алды. Толығырақ
Конференцияға қатысушылар үшін (100-ден астам адам) ESU шығарған студенттерге бағытталған оқыту бойынша материалдар аударылды және жарық көрді.Толығырақ

Семинар аясында келесі тақырыптар қозғалды: ESG 2015-негізгі өзгерістер; Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігіндегі EQAR рөлі; сыртқы сапаны шекара арқылы қамтамасыз ету; Бірлескен білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету. Толығырақ

Аталған конференцияның мақсаты білім беру сапасын басқару мәселелерін талқылау, сапаны қамтамасыз етудің тиімді жүйелерін құру бойынша білімдермен және озық тәжірибемен алмасу, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық перспективаларын қарастыру болды. Толығырақ

Назарбаев Университетінің жоғары білім мектебі Оксфорд Университетімен ынтымақтастықта ұйымдастырған Британ Кеңесі студенттерінің ұтқырлығы жөніндегі бағдарламаға қатысушылар тобы Агенттіктің қызметімен және Қазақстандағы оқу орындарын аккредиттеу рәсімдерімен танысу мақсатында барды IQAA келді. Толығырақ
ТРАНСГРАНИЧНАЯ ОЦЕНКА
Образовательные программы | Срок действия специализированной (программной) аккредитации | Отчеты о внешней оценке | Решения Аккредитационного совета |
---|---|---|---|
060504 Органическая химия |
29.03.2021 г. - 28.03.2026 г. |
Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
060504 Аналитическая химия |
29.03.2021 г. - 28.03.2026 г. |
Отчет о внешней оценке (на англ.) | Решение Аккредитационного совета |
060504 Химия нефти |
29.03.2021 г. - 28.03.2026 г. |
Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
060504 Химия высокомолекулярных соединений |
29.03.2021 г. - 28.03.2026 г. |
Отчет о внешней оценке (на англ.) | Решение Аккредитационного совета |
060504 Физическая химия |
29.03.2021 г. - 28.03.2026 г. |
Отчет о внешней оценке (на англ.) | Решение Аккредитационного совета |
060504 Неорганическая химия |
29.03.2021 г. - 28.03.2026 г. |
Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
Образовательные программы | Срок действия специализированной (программной) аккредитации | Свидетельства об аккредитации | Отчеты о внешней оценке | Решения Аккредитационного совета |
---|---|---|---|---|
710200 Информационные системы и технологии |
16.11.2024 г. - 15.11.2029 г. |
SA-A № 0317 | Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
710100 Информатика и вычислительная техника |
16.11.2024 г. - 15.11.2029 г. |
SA-A № 0317 | Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
531100 Лингвистика |
10.06.2023 г. - 09.06.2028 г. |
SA-A № 0276/1 | Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
530800 Международные отношения |
10.06.2023 г. - 09.06.2028 г. |
SA-A № 0276/1 | Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
580200 Менеджмент |
10.06.2023 г. - 09.06.2028 г. |
SA-A № 0276/2 | Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
530500 Юриспруденция |
02.07.2022 г. - 01.07.2027 г. |
SA-A № 0257 | Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
580100 Экономика |
02.07.2022 г. - 01.07.2027 г. |
SA-A № 0257 | Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
580200 Менеджмент |
02.07.2022 г. - 01.07.2027 г. |
SA-A № 0257 | Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
530100 Философия |
24.06.2019 г. - 21.06.2024 г. |
SA-A № 0173 | Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
710100 Информатика и ВТ |
24.06.2019 г. - 21.06.2024 г. |
SA-A № 0173 | Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
710200 ИС и технологии |
24.06.2019 г. - 21.06.2024 г. |
SA-A № 0173 | Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
Вид аккредитации | Срок действия аккредитации | Отчет о внешней оценке | Решения Аккредитационного совета |
---|---|---|---|
Институциональная аккредитация |
13.07.2024 – 12.07.2029 гг. |
Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
Образовательные программы | Срок действия специализированной (программной) аккредитации | Отчеты о внешней оценке | Решения Аккредитационного совета |
---|---|---|---|
60110200 Дошкольное образование |
10.06.2023 – 09.06.2028 гг. |
Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
60411300 Управление бизнесом |
10.06.2023 – 09.06.2028 гг. |
Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
61010400 Туризм |
10.06.2023 – 09.06.2028 гг. |
Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
60410100 Бухгалтерский учет |
10.06.2023 – 09.06.2028 гг. |
Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
60410500 Банковское дело |
10.06.2023 – 09.06.2028 гг. |
Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
60410400 Финансы |
10.06.2023 – 09.06.2028 гг. |
Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
60111800 English education |
10.06.2023 – 09.06.2028 гг. |
Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
60230100 Корейская филология |
10.06.2023 – 09.06.2028 гг. |
Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
60411900 Международные экономические отношения |
10.06.2023 – 09.06.2028 гг. |
Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
60412500 Международный маркетинг |
10.06.2023 – 09.06.2028 гг. |
Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
60210400 Дизайн одежды |
10.06.2023 – 09.06.2028 гг. |
Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
Эстетика красоты |
10.06.2023 – 09.06.2028 гг. |
Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
5111700 Начальное образование |
25.12.2021 – 24.12.2022 гг. |
Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
5111800 Дошкольное образование |
25.12.2021 – 24.12.2022 гг. |
Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
5230200 Управление бизнесом |
25.12.2021 – 24.12.2022 гг. |
Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
5610300 Туризм |
25.12.2021 – 24.12.2022 гг. |
Отчет о внешней оценке | Решение Аккредитационного совета |
More...
CROSS-BORDER ASSESSMENTS
Study Programmes | Period of Validity of Specialized (Programme) Accreditation | External Review Reports | Decisions of the Accreditation Council |
---|---|---|---|
060504 Organic Chemistry |
29.03.2021 - 28.03.2026 |
Report on the external review (in Russian) | Decision of the Accreditation Council |
060504 Analytical Chemistry |
29.03.2021 - 28.03.2026 |
Report on the external review | Decision of the Accreditation Council |
060504 Oil Chemistry |
29.03.2021 - 28.03.2026 |
Report on the external review (in Russian) | Decision of the Accreditation Council |
060504 Chemistry of High-Molecular Compounds |
29.03.2021 - 28.03.2026 |
Report on the external review | Decision of the Accreditation Council |
060504 Physical Chemistry |
29.03.2021 - 28.03.2026 |
Report on the external review | Decision of the Accreditation Council |
060504 Inorganic chemistry |
29.03.2021 - 28.03.2026 |
Report on the external review | Decision of the Accreditation Council |
Type of Accreditation | Period of Accreditation | External Review Report | Decision of the Accreditation Council |
---|---|---|---|
Institutional Accreditation |
13.07.2024 – 12.07.2029 |
External Review Report | Decision of the Accreditation Council |
ФОРМА ЗАЯВКИ
Для прохождения институциональной и/или программной аккредитации учебное заведение подает в IQAA заявку в электронном виде (на официальную электронную почту Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.) согласно форме.