– білімді бақылау:студенттің пәнді (курсты немесе модульді) меңгеру прогресін анықтауға пайдаланатын тәсілдердің толық жиынтығы. Бұл тәсілдерге жазбаша, ауызша, лабораториялық және практикалық тестер/эмтихандар; жобалар, сүйемелдеуші құжаттары бар презентациялар (баяндамалар) жатады. Студенттің өз білімін меңгеру прогресін өзі бағалай алуы үшін, немесе білім беру мекемесінің бағалауы үшін; курс бөлімі немесе модуль (курс бөлімінің, пәннің немесе модульдің қорытындылары бойынша аттестация) біткен соң оқушының нәтижеге қол жеткізе алғандығын анықтау үшін; білімді бақылау арадағы (ағымдағы аттестация - өзін-өзі бақылау) болуы мүмкін.
– білім бақылауын бағалау шарттары: оқушының алған білімінің белгіленген білім талаптарын қанағаттандыра алатынын көрсетуге арналған, оқушыдан күтілетін талаптардың сипаттамалары. Шарттар өтіліп жатқан пәнге сәйкес модульдің циклдық және/немесе деңгейлік дескрипторларына жатады.
2003 ж. Берлин конференциясында Берлин коммюникесінің барлық сұрақтарын жүзеге асыру, Болон процесін (БП) жалпы басқару және Еуропа елдерінің білім министрлерінің кезекті кездесулерін ұйымдастыру, 2003 ж. қазан айында құрылған (BFUG) Болон процесі бойынша Бақылау тобына жүктелді. Топ БП-нің негізгі элементі және атқарушы органы болып табылады. Қазіргі таңда топтың құрамында БП-не қатысушы барлық елдердің өкілдері, сонымен қатар, консультативтік мүшелер ретінде біраз халықаралық ұйымдардың өкілдері жұмыс істейді. Топ, кем дегенде, жылына екі рет отырыс өткізеді. Топты Еуропа Комиссиясының Президенті басқарады, ал Еуропа елдерінің білім министрлерінің кезекті конференциясын қабылдаған елдің өкілі топтың вице-президенті болып табылады. Бақылау тобының отырыстарының арасында, оның жұмыстарын Еуропа Комиссиясының президенттігін атқарушы елдің өкілі – председателі басқаратын BFUG Комитеті, және білім министрлерінің кезекті кездесулерін қамтамасыздандыратын елдің өкілі - вице-президенті басқарады. Жалпы, құрамына министрлердің келесі конференциясы өтілетін елдің өкілдері кіретін Секретариат, топтың бақылау жұмыстарын қамтамасыздандырады.
БП қатысушы елдерде БП дамыту бойынша өздерінің ұлттық жұмысшы топтары бар.
– берілген біліктілік бағдарламасын немесе курсын бір жылда оқуды бастаған студенттердің топтары.
– компетенция дегеніміз білімнің, шеберліктің, дағдының және қабілеттіліктің динамикалық комбинациясы. Компетенцияны қалыптастыру және дамыту, оқыту бағдарламасының мақсаты болып табылады. Компетенция курстың әртүрлі бөлімдерін оқу кезінде қалыптасады және оның әртүрлі сатыларында бағаланады. Олар оқу пәндерінің (кәсіби) компетенциясы және жалпы компетенция (оқыту бағдарламасының мазмұнына сәйкесті емес) болып бөлінеді.
– оқытушы мен студент немесе студенттер тобы арасындағы тікелей байланыстағы оқу процесінің 45 - 60 минуттық кезеңі.
– ортақ мақсатқа жету үшін тиісті іс-шаралар ерікті қабылдау көздейді. Болон процесі мәнi бойынша Еуропада ұлттық білім беру жүйесін құру конвергенциясы болып табылады.
– мағынасы бойынша біткен, оқу курсыныңресми түрде құрастырылған бөлігі. Бөлімде міндетті түрде: компетенция терминдерінде көрсетілген, мағынасына сәйкес және нақты анықталған оқыту нәтижелерінің тізімі, сонымен қатар, білім бағаларының тиісті шарттары болуы керек. Курстың әртүрлі бөлімдері әртүрлі кредиттік сандардан тұруы мүмкін.
– оқыту жұмыстары түсінігі (әдетте бақыланатын және бағаланатын) қажетті курс бөлімі немесе модуль шеңберіндегі оқыту жұмыстарымен байланысты.
– оқыту нәтижелеріне қол жеткізуге негізделген білім деңгейлері мен көлемін, сонымен қатар, уақыт бірлігімен өлшенетін осы деңгейге сәйкес еңбек көлемінің деңгейін көрсетудің сандық тәсілі. Сонымен қатар, кредит студентке оқуына немесе бұрынғы оқуына кеткен еңбек шығындарына сәйкес белгілі деңгейде белгіленген оқыту нәтижелеріне қол жеткізуін тексерген соң да есепке алынуы мүмкін.
– кредиттердің қорлық жүйесінде семестр, оқу жылы немесе жалпы оқу бағдарламасы бойынша оқудың сәтті бітуі үшін, осы бағдарламалардың талаптарымен белгіленген кредиттің белгілі бір санын алу қажет. Оқушының оқу нәтижесіне сәтті қол жеткізгенін білімді бақылау растаған соң ғана, кредиттер есепке алынады (және жиылады, қорланады). Оқушылар кредиттердің қорлық жүйесін, бір немесе бірнеше білім беру мекемелерінде еңбек көлемі көрсетілген бағдарламалар немесе басқа да бағдарламалар бойынша есептелінген кредиттерін ауыстыру немесе қорландыру үшін пайдалана алады. Сонымен қатар, кредиттерді қорландыру жүйесі оқушыларға оқу нәтижелерін тез арада академиялық құптаудан өтпей-ақ, курстың жеке бөлімдерін немесе модульдерін меңгеруге мүмкіндік береді.
– оқыту нәтижелерін өлшеуге және әртүрлі біліктіліктермен, студенттердің уақыт бірлігімен өлшенетін оқу жұмыстарының еңбек көлемдерінің негізінде оқыту бағдарламаларымен және оқыту жағдайларымен салыстыруға себепші болатын жүйе.
– осы бөлімдегі немесе модульдағыоқушыға берілген оқу талаптарының немесе еркіндік дәрежесінің индикаторы. Бұл индикатор әдетте оқудың тереңдігімен және күрделілігімен байланысты, кейде оқу (курс) жылымен және/немесе мазмұнының ерекшеліктерімен ассоциацияланады.
– білімді бақылаудың бұл формасында нақты сипаттамалар, қабілеттіліктер, дағдылар, тәртіп бірліктері және бағалар осы бақылаудың сәтті «өтуінің» босағасын анықтайтын шарттар ретінде таңдалып алынады. Бір шарттық мағына бойынша «жетіспеушіліктер», басқа шарттардың жетістіктерімен толтырылуы мүмкін. Бақылаудың мұндай жүйесі, әдетте, оқыту нәтижелерінің «босағалық минимум» жетістіктерімен ассоциацияланады.
– ішіне еуропалық жоғары білім беру жүйесінің барлық біліктіліктері кіретін, Болон процесінде анықталған үш саты (бірінші цикл, екінші цикл және үшінші цикл).
– Болон процесінің анықтамаларына сәйкес келетін әрбір үш циклдың оқыту нәтижелерінің қорытындыланған сипаттамалары.