МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОРТА БІЛІМ
Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі (IQAA) стандарттары заманауи халықаралық үрдістерді және ұлттық қазақстандық мәнмәтінді ескере мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын аккредиттеуге арнайы әзірленген. Институционалдық аккредиттеу стандарттары мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің барлық жақтарын қамтиды және келесі бағыттардан тұрады:
- Миссия, көшбасшылық және басқару;
- Қарым-қатынас;
- Оқу жоспары, тәрбие және үлгерімді бағалау;
- Балалар денсаулығы және қауіпсіздігі;
- Педагогтар құрамының және қызметкерлердің біліктілігі;
- Физикалық орта.
Стандарттарда нормативтік талаптар, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының қызметін бағалау өлшемдері көрсетілген және білім беру ұйымына өзін-өзі бағалау есебін әзірлеудегі, сарапшыларға есепті сараптамадан өткізгендегі және сыртқы аудиттегі негізгі құжат болып табылады.
1. Мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелердегі оқу-тәрбие процесінің тиімділігінің сапасын қамтамасыз ету механизмін ұсыну;
2. Мектепке дейінгі және орта білім мен тәрбиенің сапасын жақсарту бағытында ұйымның қызметін ынталандыру;
3. Балалар мен білім алушылардың ата-аналарының білім беру қызметтерінің кең спектрінен сапалы білім беру бағытын таңдауының нақты мүмкіндігін қамтамасыз ету.
- Еріктілік: мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын аккредиттеу рәсімі ерікті түрде өтеді;
- Білім беру ұйымдарының сапасын арттыруға бағдарлану;
- Адалдық пен ашықтық: ішкі және сыртқы бағалау адал және ашық жүргізіледі, өткізілетін аккредиттеу процесінің барлық қатысушыларына ақпараттың қолжетімділігі қамтамасыз етіледі;
- Объективтілік пен тәуелсіздік: ішкі және сыртқы бағалау объективті, үшінші тұлғаларға тәуелсіз жүргізіледі;
- Білім беру ұйымдарының жауапкершілігі: білім мен тәрбие сапасына негізгі жауапкершілік мектепке дейінгі ұйымға жүктеледі;
- Сапаны қамтамасыз ету балалардың, барлық басқа мүдделі тараптардың және жалпы қоғамның қажеттіліктерін ескереді.