РУКОВОДСТВО ПО ИСПОЛЬЗОВАНИЮ ECTS

ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System - Европейская система перевода и накопления кредитов) была введена в 1989 году в рамках программы Эразмус как способ перевода кредитов, полученных студентами за рубежом в течение их обучения и по возвращению в первоначальные высшие учебные заведения. В настоящее время данная система играет дополнительную роль при накоплении кредитов, разработке, описании и реализации программ, способствуя мобильности студентов внутри разных стран с помощью процесса признания кредитов и периодов обучения. Руководство по использованию ECTS представляет рекомендации по реализации ECTS и ссылки на полезные вспомогательные документы.

Руководство по использованию ECTS 2009 года было пересмотрено рабочей группой по Болонскому процессу (BFUG) 27-28 ноября 2014 года в Риме и было одобрено на Конференции Министров в мае 2015 года в Ереване, Армении. Данная пересмотренная версия основана на выполненных за последние годы работах, разработанных в странах Болонского процесса, так и в отдельных странах. Это проводилось, чтобы помочь академическому сообществу и другим заинтересованным сторонам в высшем образовании идти в направлении изменений, пропагандируемых Болонским процессом.

Пересмотренное руководство учитывает последние разработки в Болонском процессе, такие как создание Европейского Пространства Высшего Образования (ЕПВО), консолидация непрерывного образования, парадигмы перехода от преподаватель-центрированного к студенто-центрированному высшему образованию, возрастающее использование понятия результатов обучения, разработка новых форм изучения  и  преподавания.

Данная информация взята из официального Руководства по использованию ECTS.

Более подробная информация о Европейской системе перевода и накопления кредитов (ECTS) доступна на официальном веб-сайте Европейской Комиссии.

СТАНДАРТЫ И РУКОВОДСТВА ENQA 2015

Стандарты и руководства для обеспечения качества в Европейском пространстве высшего образования (ESG) были приняты министрами образования в 2005 году по предложению, подготовленному Европейской ассоциацией по обеспечению качества высшего образования (ENQA) в сотрудничестве с Европейским союзом студентов (ESU), Европейской ассоциацией высших учебных заведений (EURASHE) и Европейской ассоциацией университетов (EUA).

С 2005 года был достигнут значительный прогресс в сфере обеспечения качества, а также по другим направлениям деятельности Болонского процесса.

В связи с таким изменением контекста в 2012 году коммюнике министров призвало Группу Е4 (ENQA, ESU, EUA, EURASHE) в сотрудничестве с организациями Международного образования, Бизнес Европа и Европейским реестром обеспечения качества в высшем образовании (EQAR) подготовить проект пересмотренного ESG «с целью улучшения их ясности, применимости и полезности, в том числе области применения».

Разработка новой редакции ESG включала в себя несколько раундов консультаций с участием как ключевых заинтересованных организаций, так и министерств. Все полученные комментарии, предложения и рекомендации были тщательно проанализированы и приняты во внимание Руководящей группой (РГ). Они отражены в конечной версии стандартов и руководств для обеспечения качества в ЕПВО (ESG). Новые стандарты ESG были приняты на Конференции министров высшего образования в 2015 году в Ереване (Армения).

Оригинальный документ новых ESG 2015, его неофициальные переводы и дополнительная информация доступны на веб-сайте ENQA.

Независимое казахстанское агентство по обеспечению качества в образовании выполнило свой собственный неофициальный перевод ESG, который представлен ниже.

Стандарты и руководства ENQA 2015

 

Статьи

2017

Каланова Ш.М., Независимая аккредитация и реализация принципов болонского процесса // Газета «Бiлiмдi ел - Образованная страна», от 20.08.2017.

2015

Каланова Ш.М., Дорогу осилит идущий  // Газета "Казахстанская правда", -№113(27989) от 15.07.2015.

2013

Каланова Ш.М.,Будущее независимой аккредитации в Казахстане // Аккредитация в образовании, 2013. – № 63

2010

Каланова Ш.М., Обеспечение качества образования в Казахстане // Аккредитация в образовании, 2010. – № 38

Каланова Ш.М.,  В погоне за Гарвардом // Газета "Экспресс К", – № 410 (16797) от 31.07.2009.

2007

Каланова Ш.М., И в вуз не дуют!// Газета "Экспресс К", - № 132 (16280) от 21.07.2007.

2005

Каланова Ш.М., Зоркое око ЕСОКО // Аккредитация в образовании. - 2005. - N 3. - С. 6-9.

2001

Каланова Ш.М., Система аккредитации высших учебных заведений в США // Вестник Высшей школы Казахстана. 2001.- №6. -С.182-188

БОЛОН ПРОЦЕСІ

128px Bologna Prozess Logo.svg

Болон процесі – жалпы қызмет принциптеріне негізделген жоғары білімнің біріңғай еуропалық жүйесінің құрылу процесі.

Болон реформалары «нәтижелерге бағытталу» және «студенттікорталықтандырылған оқыту» терминдерімен сипатталады. Бұл жерде сөз, оқыту нәтижелерін кең мағынада түсінуде болып отыр. Осы терминдер ECTS, модуляризациямен және институционалдық еркіндікпен байланыста болуды болжай отырып, педагогикалық практиканың алға жылжуының негізгі элементтері болуы керек.

Болон процесінің үш деңгейінің арасында баланс болу керек: өкіметке, жоғары оқу орындарына және студенттерге қатысты еуропалық деңгейде белгіленген мақсаттар; процесті жүзеге асырудағы жоолардың алатын негізгі рөлі; ұлттық стратегиялардың рөлі және алдыңғы екі деңгейдің бірігуіндегі және әрбір елдегі процестерге көмек көрсетудегі заңдылықтар.

Болон процесі – еуропа аймағындағы жоғары білім беруді және ғылыми зерттеулерді қорғау және жақсарту құралы, мөлдірлік пен мобильділікті көтеру құралы болып табылады. Болон процесі жоғары оқу орнының қоғамдағы орнын мойындайды және сапаға ерекше мән береді, бірақ сапаны қолдау мен оны жоғарылату, жүйе мен оның кадрларына берілетін мемлекеттік инвестицияны көтеруді талап ететіндігін айтады.

  • Болон процесінің бастамасына ХХ ғасырдың 70-жылдарының ортасын, яғни Еуропалық одақтың министрлер Кеңесінде білім беру саласындағы алғашқы ынтымақтастық бағдарламасы туралы қарар қабылданған кезді жатқызуға болады.

    1998 жылы Париж университетінің 800 жылдық мерейтойына қатысқан, еуропалық төрт мемлекеттің (Франция, Германия, Ұлыбритания және Италия) білім министрлері Еуропада жоғары білім берудің еуропалық сегментациясы ғылым мен білімнің дамуына кедергі келтіреді деген пікірге түйісті. Олар Сорбон декларациясына (ағыл. Sorbonne Joint Declaration, 1998) қол қойды. Декларацияның мақсаты – студенттермен және түлектермен қатар, қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін ұтқырлықты қолдайтын, Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің стандарттауы бойынша жалпы ережелерді құруға түйінделеді. Сонымен қатар, ол еңбек нарығында заманауи біліктілік талаптарына сәйкестікті қамтамасыз етуі қажет болатын.

    Сорбон декларациясының мақсаттары 1999 жылы, барлық жоғары оқу орындарының тәуелсіздігін және дербестігін сақтау қажеттілігін нақтылай отырып, жоғары білім берудің еуропалық кеңістігінің бәсекелестік қабілеттін арттыру міндетін өз мойындарына алуға 29 мемлекеттің дайын екендігін білдіргені Болон декларациясына қол қойылу кезінде расталды. Болон декларациясының барлық ережелері, қатаң заңды міндеттемелер ретінде емес, ерікті келісім процесінің шаралары ретінде бекітілді. .

  • Болон процесінің негізгі мақсаттары: жоғары білім беруге қол жеткізуді кеңейту, еуропалық жоғары білімнің сапасын және тартымдылығын ары қарай арттыру, студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығын кеңейту, сонымен қатар барлық академиялық деңгейлер мен басқа біліктіліктер еңбек нарығына бағытталуы керектігі есебінен жоғары оқу орындарының түлектерінің табысты жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету.

  • Декларация мақсаты – жоғары білім берудің еуропалық аймағын орнату, сонымен қатар әлемдік деңгейде еуропалық жоғары білім беру жүйесін белсендіру.

    Декларация алты негізгі ережеден тұрады:

    1. Салғастырмалы деңгейлердің жүйесін, оның ішінде еуропа тұрғындарының жұмысқа орналасу мүмкіндігін қамтамасыз ету және еуропалық жоғары білім беру жүйесінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін дипломға қосымшаны енгізу арқылы қабылдау.

    2.Үштік білім беру жүйесін қабылдау: бакалавриат- магистратура- докторантура.

    3.Кең көлемдегі студенттік ұтқырлықты (кредиттер жүйесі) қолдау үшін жүктемелік кредиттердің бірлігін қайта есептеудің еуропалық жүйесін енгізу. Ол сонымен қатар студенттің оқитын пәндерін таңдау құқығын қамтамасыз етеді. «Өмір бойы білім алу» концепциясы аясында жұмыс жасауға қабілетті жинақтау жүйесіне айналдыра отырып, ECTS-ті (European Credit Transfer System) негіз ретінде қабылдау ұсынылады.

    4. Студенттердің ұтқырлығын айтарлықтай дамыту (алдыңғы екі пунктті орындау негізінде). Еуропалық аймақта жұмысқа жұмсалған уақыттың кезеңін есептеу арқылы оқытушының және басқа қызметкерлердің ұтқырлығын кеңейту. Трансұлттық білім беру стандарттарын орнату.

    5. Сапаны қамтамасыз етудегі еуропалық ынтымақтастыққа салғастырмалы критерийлер мен әдіснамаларды әзірлеу мақсатында жәрдемдесу.

    6. Жоғары білім беру, әсіресе оқу жоспарларын дамыту, институтаралық ынтымақтастық, ұтқырлық және бірлескен оқыту бағдарламасының сызбалары, тәжірибелік дайындық және ғылыми зерттеулерді жүргізу салаларында қажетті еуропалық көзқарастарға жәрдемдесу.

  • Болон процесінің қатысушылары – 49 мемлекет (2015 жыл) және Еуропалық комиссия болып табылады. Барлық мемлекеттер – Еуропалық одақ пен Шығыс серіктестік мүшелері процеске қосылған.

  • Болон процесінің міндетті параметрлері

    Жоғары білім берудің үштік жүйесі.

    ECTS-тің академиялық кредиттері.

    Студенттердің, оқытушылардың және жоғары оқу орнының әкімшілік қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығы.

    Дипломның еуропалық қосымшасы.

    Жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз ету.

    Біріккен еуропалық зерттеу кеңістігін құру.

    Болон процесінің ұсынымдық параметрлері

    Бірыңғай еуропалық бағалау.

    Студенттердің белсенді тартылуы.

    Аз қамтылған студенттерді әлеуметтік қолдау.

    Өмір бойы білім алу.

    Болон процесінің факультативтік параметрлері

    Дайындық бағыты бойынша оқыту мазмұнын үйлестіру.

    Студенттерді оқытудың сызықтық емес траекториясы, таңдау курстары.

    Модульдік жүйе.

    Қашықтықтан оқыту, электронды курстар.

    Студенттер мен оқытушылардың академиялық рейтингтері.

БОЛОН ПРОЦЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰЖАТТАРЫ

Университеттердің Ұлы Хартиясы - бұл бастапқыда 1988 жылғы 18 қыркүйекте, Болонья университетінің 900-жылдығында, бүкіл Еуропа және одан тыс жоғары оқу орындарының 388 ректорлары мен басшылары қол қойған құжат.

Онда университеттерді тиімді басқаруға нұсқаулық ретінде академиялық еркіндік пен институционалды автономия қағидаттары қамтылған.

Ресурс: http://www.aic.lv/bolona/Bologna/maindoc/magna_carta_univ_.pdf

Орыс тіліндегі қысқаша нұсқасы: Еуропа Университеттерінің Ұлы Хартиясы

Веб-сайт: www.magna-charta.org

Сорбонна декларациясына 1998 жылы төрт елдің министрлері: Франция, Германия, Ұлыбритания және Италия қол қойды. Декларацияның мақсаты Еуропалық жоғары білім беру аймағында студенттер мен түлектер үшін де, оқытушылар құрамы үшін де ұтқырлықты ынталандыратын бірыңғай жүйені құру болды. Ол сонымен қатар еңбек нарығында кәсіби дамуды қамтамасыз етуі керек.

Ресурс: Сорбонна декларациясы (1998)

Орыс тіліндегі қысқаша нұсқасы: Сорбонна декларациясы (1998)

Веб-сайт: www.ehea.info

Сорбонна декларациясының мақсаттары 1999 жылы Болон декларациясымен бекітілді, онда 29 мемлекет Еуропалық жоғары білім беру аймағының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға міндеттеме алуға дайын екендіктерін білдіріп, барлық жоғары оқу орындарының тәуелсіздігі мен автономиясын одан әрі нығайту қажеттігін көрсетті. Болон декларациясының барлық ережелері міндетті шарттың ережелері ретінде емес, ерікті үйлестіру процесінің шаралары ретінде тұжырымдалды.

Ресурс: Болон декларациясы (1999)

Орыс тіліндегі қысқаша нұсқасы: Болон декларациясы (1999)

Веб-сайт: www.ehea.info

Болон декларациясына қол қойылғаннан кейін екі жыл және Сорбонна декларациясынан үш жыл өткен соң, жоғары білімге жауапты және оған қол қойған 32 елдің өкілі болып табылатын еуропалық министрлер Прагада кездесіп, қол жеткізілген жетістіктерді қарап, алдағы жылдарға арналған бағыттар мен басымдықтарды белгіледі.

Министрлер 2010 жылға дейін Еуропалық жоғары білім аймағын құру мақсатына адалдықтарын растады. Осы кездесуді өткізу үшін Прага қаласын таңдау - бұл Еуропалық Одақтың кеңеюі аясында бүкіл Еуропаны осы үдеріске тарту жөніндегі олардың ерік-жігерінің белгісі.

Ресурс: Министрлер коммюникесі (Прага, 2001)

Орыс тіліндегі қысқаша нұсқасы: Министрлер коммюникесі (Прага, 2001)

Веб-сайт: www.ehea.info

2003 жылдың 19 қыркүйегінде Еуропаның 33 елінен жоғары білімге жауапты министрлер Берлинде бас қосты, олар Еуропалық жоғары білім кеңістігінің жүзеге асырылуын жеделдету мақсатында алға қойылған міндеттерді қарастырды және алдағы жылдарға арналған басымдықтар мен жаңа мақсаттарды белгіледі.

Ресурс: Министрлер коммюникесі (Берлин, 2003)

Орыс тіліндегі қысқаша нұсқасы: Министрлер коммюникесі (Берлин, 2003)

Веб-сайт: www.ehea.info

Еуропалық аймақтағы жоғары білім берудегі этикалық құндылықтар мен принциптер туралы Бухарест Декларациясы

Ресурс: https://www.google.ru/Bucharest+Declaration+2004+information

Орыс тіліндегі қысқаша нұсқасы: Бухарест декларациясы (2004)

Еуропалық жоғары білім беру аймағы - жоғары білімге жауапты Еуропалық министрлер конференциясының коммюникесінің мақсаттарына қол жеткізу, Берген, 19-20 мамыр 2005 ж.

Ресурс: Министрлер коммюникесі (Берген, 2005)

Орыс тіліндегі қысқаша нұсқасы: Министрлер коммюникесі (Берген, 2005)

Веб-сайт: www.ehea.info

Лондонның жоғары білім министрлерінің «Еуропалық жоғары білім аймағына қарай: жаһанданған әлемнің шақыруларына жауап беру» коммюникесі (Лондон, 18 мамыр 2007 ж.)

Ресурс:Министрлер коммюникесі (Лондон, 2007)

Орыс тіліндегі қысқаша нұсқасы: Министрлер коммюникесі (Лондон, 2007)

Веб-сайт: www.ehea.info

2009 жылдың 28 және 29 сәуірінде Болон процесінің 46 еліндегі жоғары білімге жауапты министрлер Левенде және Лувен-ла-Неведе Еуропалық жоғары білім кеңістігінің 2020 жылға дейінгі басымдықтарын белгілеу үшін бас қосты.

Ресурс: Министрлер коммюникесі (Левен, 2009)

Орыс тіліндегі қысқаша нұсқасы: Министрлер коммюникесі (Левен, 2009)

Веб-сайт: www.ehea.info

2010 жылдың 12 наурызында Болон процесіне қатысқан 47 елдің министрлері Будапешт-Вена декларациясын қабылдады және Еуропалық жоғары білім кеңістігін ресми түрде бастады.

Еуропалық жоғары білім беру аймағының министрлер конференциясы «Әлемдік білім қоғамын құру: жоғары білім берудегі жүйелік және институционалдық өзгерістер» тақырыбындағы Екінші Болон Саяси Форумы аясында әлемнің әр түкпіріндегі министрлермен кездесуге ұласты, Венаның Болонья саяси форумының мәлімдемесімен аяқталды.

Ресурс: Будапешт-Вена декларациясы (2010)

Орыс тіліндегі қысқаша нұсқасы: Будапешт-Вена декларациясы (2010)

Веб-сайт: www.ehea.info

2012 жылы Бухаресте өткен министрлер конференциясы Еуропалық жоғары білім беру аймағының, Еуропалық Комиссияның, сондай-ақ Болон процесінің консультативті мүшелері мен Болон тобындағы серіктестердің 47 делегациясының басын қосты. Кездесу Болон процесінің барысын қорытындылауға және болашақ саясаттың негізгі мәселелерін көрсетуге мүмкіндік берді. EHEA министрлері Болонья мақсаттарын 2020 жылға дейін ілгерілетуге міндеттеме алып, Бухаресттің министрлік коммюникесін қабылдады.

Ресурс: Бухарест коммюникесі (2012)

Орыс тіліндегі қысқаша нұсқасы: Бухарест коммюникесі (2012)

Министрлік іс-шараларға EHEA, Еуропалық Комиссияның 47 делегациясы, сондай-ақ Болон процесінің консультативті мүшелері мен серіктестері қатысты. 16 жылдық қарқынды жұмыстың нәтижесінде EHEA шындыққа айналды және осы жаһанданған және бәсекеге қабілетті ортада білім беру еуропалық қоғамдардың тұрақты дамуының кепілі болып табылатындығын дәлелдеді.

2015 жылғы Еревандағы министрлер конференциясы басқа мәселелермен қатар Болон процесін болашақта және 2020 жылдан кейін нығайтудың ең жақсы жолдарын анықтауға тырысты, сонымен бірге Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде және одан тыс жерлерде диалогты күшейтті.

Ресурс: Министрлер коммюникесі (Ереван, 2015)

Орыс тіліндегі қысқаша нұсқасы: Коммюнике министров (Ереван, 2015)

Веб-сайт: ehea.info

Бұл министрлер конференциясы Парижде 2018 жылғы 24-25 мамырда өтті. Ол Еуропалық жоғары білім беру аймағының (EHEA) делегациялары үшін ашық болды және, EHEA мүшелікке кіретін және кірмейтін елдер арасындағы диалогты жалғастыруға мүмкіндік берген, Болон саясаты форумын да қамтыды.

Париж коммюникесі (2018)

Рим министрлерінің коммюникесі Болон декларациясына қол қойылғаннан кейінгі 21 жылдағы жетістіктерді мерекелеу үшін 2020 жылдың 19 қарашасында онлайн режимінде өткізілді. Министрлер 2030 жылға қарай неғұрлым инклюзивті, инновациялық, өзара байланысты және орнықты еуропалық жоғары білім беру аймағын (EHEA) дамытуға өз міндеттемелерін растады. Министрлер үш қосымшаны қабылдады: академиялық еркіндік туралы мәлімдеме, жоғары білімнің әлеуметтік өлшемдеріне арналған принциптер мен нұсқаулар және жоғары оқу орындарында оқыту мен оқытуды жақсарту жөніндегі ұсыныстар. Олар Сан-Мариноны EHEA-ның 49-шы мүшесі ретінде қарсы алды.

Рим коммюникесі (2020)

Веб-сайт: ehea2020rome.it

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Бос лауазымдарға орналасу байқау негізінде жүзеге асырылады. Жүзеге асырылатын қызмет шеңберінде немесе жұмыстың ерекше түрлерінде жүктеме ұлғай,анда қосымша құзыреттерді тарту қажеттілігі туындаса жаңа орындар құрылады.

    Жаңа қызметкерлерді іріктеу кезінде IQAA келесі негізгі талаптарды ұстанады:
  • жоғары білім беру жүйесіндегі жұмыс тәжірибесі (академиялық, әкімшілік-басқарушылық);
  • жетекші отандық және/немесе шетелдік жоғары оқу орындарында алған ғылыми дәрежесінің және/немесе ғылыми атағының не академиялық дәрежесінің болуы;
  • білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі;
  • кәсіби этика;
  • жоғары коммуникативті дағдылары;
  • мемлекеттік және орыс тілдерін меңгерудің жоғары деңгейі;
  • ағылшын тілін білу.

Өзекті бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар осы жерде орналастырылады. Түйіндемені +7(7172) 27-38-20 факсіне немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына жіберу керек.

БАСШЫЛЫҚ

Аты-жөні

Қызметі

Телефон

Пошта

Шолпан Муртазовна Каланова

IQAA Президенті

+7 (7172)
27-77-50

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Карлыгаш Мухареденовна Джигитчеева

Білім беру мекемелерін және ҒЗИ аккредиттеу департаментінің директоры

+7 (7172)
27-72-82

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Гульмира Токтаровна Жумадилова

Талдау және сапа департаментінің директоры

+7 (7172)
27-24-91

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Макажанова Асель Муратбековна

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын аккредиттеу департаментінің директоры

+7 (7172)
27-72-75

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Даулет Муратович Каланов

Әкімшілік басқару және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры

+7 (7172)
42-58-30

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Маржан Алматовна Ерманова

Мәліметтер базалары және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры

+7 (7172)
27-77-49

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕЛІЛЕРДЕГІ МҮШЕЛІК

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың Еуропалық қауымдастығының (The European Association for Quality Assurance in Higher Education - ENQA), жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық желісі ретінде, еуропа елдерінің осы саладағы ынтымақтастығын дамыту үшін 2000 жылы құрылды. Осындай мекеменің құрылуына, жүзеге асыру нәтижесінде сапаны қамтамасыздандыру саласындағы тәжірибе алмасудың маңыздылығын бірінші жоспарға қойған, жоғары білім сапасын бағалау бойынша еуропалық пилоттық жоба себеп болды (1994 – 1995 жж.). Жоғары білімнің сапаны қамтамасыздандыру саласындағы еуропалық ынтымақтастық идеясы, 1998 ж.

24 қырқүйекте, Еуропалық кеңес Ұсыныстарында және Болон декларациясында (1999 ж.) орын алған Еуропалық кеңестің сүйемелдеуіне ие болды. 2004 ж. қараша айында желінің Бас Ассамблеясында аталмыш ұйымды «жоғары білімдегі сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық ассоциациясы» - деп өзгерту туралы шешім қабылданды. ENQA құрылған күннен бастап, оның жұмысын Еуропалық комиссия қаржыландырады.

ENQA миссиясы

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың Еуропалық қауымдастығының миссиясы (ENQA) еуропалық білім саласының сапасын биік деңгейге көтеру және көмек көрсет. Болон декларациясына қол қойған барлық елдерде сапаны қамтамасыздандыруды жетілдіру ENQA-ның міндеті.

ENQA міндеттері

    Әсіресе әдістемелік зерттеулер мен ең үздік практика алмасу салаларында ақпараттар мен тәжірибе алмасуға көмек көрсету және дамыту;
  • Сапаны қамтамасыздандыру саласында жасалынған және бекітілген стандарттарды, процедуралар мен нұсқауларды саяси форум ретінде жүзеге асыру;
  • Болон процесінің шеңберінде жұмыс істейтін еуропа елдерінің білім министрлерінің, мемлекеттік билік өкілдерінің ұлттық және аймақтық органдары және басқа да инстанциялардың сұраулары бойынша сараптамалар мен консультацияларды өткізу;
  • Трансұлттық еуропалық жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыздандыру процедураларының дамуына көмек көрсету;
  • Сапаны қамтамасыздандырудың тиімді жүйесінің және аккредиттеу агенттіктерінің жүзеге асуына және дамуына болысу;
  • Сапаны қамтамасыздандыру жүйесі мен аккредиттеу агенттіктерінің сараптамалық тексерулерін үйлестіру;
  • Басқа да сәйкесті еуропалық мекемелермен және қызығушылық танытушылармен ынтымақтастықты сүйемелдеу және дамыту;
  • Жоғары білімнің еуропалық кеңістігінің құрылуына үлес қосу;
  • Басқа желілермен және аймақтармен келіссөздер жүргізу.

ENQA мүшелілігі

Болон декларациясына қол қойған елдердің сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерімен ынтымақтастық орнатуға, ENQA жоғары білімнің сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық ассоциациясының есігі ашық. ENQA мүшеліліктің екі типіне де ие: толық және кандидат мәртебесіндегі мүшелілік. Сонымен қатар, Ассоциация сапаны қамтамасыздандыру агенттіктеріне ассоциацияланған немесе афиллирацияланған мәртебелерін бере алады. Қазіргі таңда ENQA 28 мемлекеттен 51 агенттік толыққанды және 35 мемлекеттен 51 ұйым аффилирленген мүшесі мәртебесіне ие.

Толығырақ: http://www.enqa.eu/files/ENQA%20regulations%20version%20290909.pdf сайтынан біле аласыз

Веб-сайт: http://enqa.eu/{/spoiler}

Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыздандыру бойынша агенттік желісі 2001 жылы 13-қазанда Краков қаласында (Польша) Будапешт қаласындағы (Венгрия) алғашқы кездесуден кейін бір жыл бұрын құрылды. CEENQA 2011 жылғы 4-шілдеде Дюссельдорф қаласында (Германия) ресми тіркелген болатын.

Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыздандыру бойынша агенттік желісі 2001 жылы 13-қазанда Краков қаласында (Польша) Будапешт қаласындағы (Венгрия) алғашқы кездесуден кейін бір жыл бұрын құрылды. CEENQA 2011 жылғы 4-шілдеде Дюссельдорф қаласында (Германия) ресми тіркелген болатын. CEENQA үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйым болып табылады. CEENQA жарғысына сәйкес оның мақсаты: "Орталық және Шығыс Еуропада жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету және жетілдіру салаларында желінің қызметін әзірлеу мен келісуде мүше-ұйымдардың арасындағы ынтымақтастық, осылайша, Еуропалық білім беру кеңістігінде әзірлеу мен ендіруге ықпал ету» болып табылады.

Толығырақ: O CEENQA

Веб-сайт: www.ceenetwork.hu

Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру агенттіктерінің Халықаралық желісі (the International Network for Quality Assurance Agencies in Higher Education, INQAAHE) 1991 жылы құрылды, қазіргі таңда ( тамыз,2011 ж.) 260 жуық мүшесі бар. INQAAHE желісі дүниежүзінде жоғары білім сапасын бағалау саласында теория және практика сұрақтарымен айналысатын ЮНЕСКО ұйымы және Дүниежүзілік даму банкі құптаған, ірі масштабты желі болып табылады.

INQAAHE миссиясы: INQAAHE – жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру агенттіктерінің ең ірі желісі. Ол сапаны қамтамасыздандыру агенттіктеріне өзара ақпараттар мен тәжірибелер алмасуларына жәрдем береді; аталмыш салада теория мен практиканы дамытуды сүйемелдейді; сапаны қамтамасыздандыру стандарттарын, кәсіби практикаларын жасайды және оларды жүзеге асырады; агенттіктердің, INQAAHE мүшелерінің, сонымен қатар, жоо, студенттер мен қоғамның мүддесінде кәсіби даму мен потенциалды өсіру жұмыстарының барлық уақытта жақсаруына көмектеседі және ынталандырады.

INQAAHE мақсаттары:

  • Жоғары білім сапасын бағалау, жақсарту және сүйемелдеу саласында теория мен практиканың ағымдағы жағдайы және жаңа зерттеулер туралы ақпараттарды жинау және тарату;
  • Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру жүйесінің мүддесін көздейтін салаларда ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;
  • Халықаралық ұйымдармен және т.б. араласу арқылы, жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру жүйесінің мүддесін көздейтін сұрақтар бойынша өзінің мүшелерінің ұйымдық ой-пікірлерін көрсету;
  • Жоғары білім сапасын жақсарту сұрақтары бойынша теория мен практикаға көмек көрсету;
  • Агенттіктерде консультациялар мен сараптамалар өткізу, сапаны қамтамасыздандыру сұрақтары бойынша жаңа агенттіктердің дамуына көмек көрсету;
  • Сапаны қамтамасыздандыру сұрақтары бойынша агенттіктердің арасындағы өзара байланыстарға көмек көрсету және жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру агенттіктерінің желілерін сүйемелдеу;
  • Ұлттық шекарадан тыс орналасқан жооға жұмыс стандарттарын анықтауда желі мүшелеріне көмек көрсету және халықаралық біліктілікті құптау сұрақтары бойынша толық ақпараттар алуға жәрдемдесу;
  • Кредиттік бірліктердің зачеттық технологиясын, сонымен қатар, ел ішінде және шетелдерде студенттердің мобильділігін қамтамасыздандырудың кредиттерді жинау схемасын дамытуға және пайдалануға көмек көрсету;
  • Күдік тудыратын аккредиттік ұйымдар және қиянатшыл практикалар туралы желі мүшелерін ескерту;
  • INQAAHE мүшелерінің сұрауы бойынша, INQAAHE агенттігінің мүшелерінің жұмыстарының сыртқы тексеруін ұйымдастыру.

INQAAHE мүшелік:

INQAAHE желісіне мүшелік үш типті болуы мүмкін: толық, ассоциацияланған және афиллирацияланған.

ЖООның немесе білім бағдарламаларының сапасын бағалауға жауапты ұйымдар ( аккредиттік агенттіктері; бағалау жүргізетін агенттіктер және соған ұқсас ұйымдар; аккредиттік агенттіктерінің жұмыстарын құптаумен айналысатын органдар) INQAAHE желісіне толық мүше бола алады.

Ассоциацияланған мүшелік – бағалау, аккредиттеу және жоғары білім сапасын қамтамасыздандыруға үлкен қызығушылық танытқан, бірақ жоо немесе бағдарламалар сапасын қамтамасыздандыру процедураларына қатыспайтын ұйымдар.

Афиллирациаланған мүшелік – бұл бағалау, аккредиттеу және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыздандыру мәселелерімен қызығатын жеке тұлғалар. Желінің барлық мүшелері басқару органдарының құрамына қабылдана алады және Бас Ассамблея жұмыстарына қатыса алады, бірақ шешім қабылдағанда тек толыққұқылы мүшелер ғана дауыс бере алады.

Бүгінгі таңда INQAAHE құрамында 92 елден келген 283 мүшелер бар: 181 – толық, 90 – ассоциацияланған және 12 – аффилирацияланған мүшелер.

Желі сайтында ұйымның аты, web-сайты және басқа да мәліметтері көрсетілген INQAAHE мүшелерінің толық тізімі бар www.inqaahe.org

Сапаны қамтамасыздандырудың Азиялық-Тынықмұхиттық желісі(the Asia-Pacific Quality Network, APQN), дүниежүзінің жартысынан астам халықтарыны өмір сүріп жатқан аймақтарында орналасқан агенттіктердің жоғары білім саласының сапасын қамтамасыздандыру үшін 2003 жылы құрылды. APQN жоғары білім сапасын қамтамасыздандырудың Халықаралық агенттіктері желісінің (INQAAHE) аймақтық желісі ретінде жұмыс жасайды. APQN желісі Дүниежүзілік банктың және ЮНЕСКОның сүйемелдеуімен құрылды.

APQN миссиясы:Азиялық-Тынықмұхиты аймақтарында сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерінің жұмыстарын дамыту және олардың арасындағы ынтымақтастықты кеңейту арқылы жоғары білім сапасын жақсарту.

APQN мақсаттары:

  • Азия-Тынықмұхиты аймағында жоғары білім сапасына көмек көрсету және оны жақсарту үшін жақсы тәжірибелерді таратуға ықпал ету;
  • Жоғары білім сапасын басқару саласындағы зерттеулерге және аймақтағы жоғары білім сапасын жақсарту мақсатында олардың тиімді пайдаланылуына ықпал ету;
  • Аймақта білім сапасы бойынша жаңа агенттіктерді құруға ақпараттар беру және көмек көрсету;
  • Білім сапасы агенттіктерінің арасындағы ынтымақтастыққа, сонымен қатар шешімдер мен бағалауларды екіжақты құптауға ықпал ету;
  • APQN мүшелеріне ұлттық жүйе шеңберінде оқу орындарының стандарттарын анықтауға көмек көрсету;
  • Аймақта біліктілікті халықаралық құптауға жәрдем беру;
  • Кредиттік трансферттік схемаларын дамытуға және пайдалануға көмек көрсету, ұлттық шекара ішінде де, сыртында да студенттердің мобильділігіне жәрдем ету;
  • APQN мүшелерін күдікті аккредиттік ұйымдар туралы хабардар ету;
  • Аймақты таныстыру және олардың мүддесіне жәрдем беру, мысалы, басқа желілердің және халықаралық мекемелердің арсында.

APQN мүшелігі:

Мүшелік критерийлеріне сәйкес, APQN желісінің құрамына кіретін агенттәіктер мүшеліліктің төрт типін иемденулері мүмкін: толық және арадағы мүшелік, ассоциацияланған, және институционалды мүшелік. Сонымен қатар, APQN мүшелік, Азиялық-Тынықмұхиттық аймаққа кірмейтін елдер үшін «бақылаушы» мәртебесіне де ие. Тек APQN толық мүшелері және аралық мүшелері ассоциацияның басқарушы органдарының жұмыстарына қатыса алады, ал ассоциацияланған және институционалды мүшелер, Бас Кеңестің әржылдық жалпы жиналысына және басқа да отырыстарына қатыса алады, бірақ олар дауыс беру құқығына ие бола алмайды. Қазіргі таңда APQN желісінің құрамына Азиялық-Тынықмұхиттық аймақтың 53 елінің 159 ұжымы: 36 толық мүшелер, аралық мәртебеге ие 20 агенттік, 9 ассоциацияланған мүше және желінің институционалдық мүшесі мәртебесіне ие 94 ұжымы кіреді. Сегіз мекеме бақылаушы болып табылады (Хорватия - 1, Сауд Арабиясы - 1, Ұлыбритания - 2, Германия - 1, Кувейт - 1,Тайланд - 2).

APQN желісінің сайтына ұйымның аты, елі, мүшелік типі, интернет-сайты және басқа да контактілі ақпараттары көрсетілген APQN желісі мүшелерінің толық тізімі кірген: www.apqn.org

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАРЫ

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III заңы (2021.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы № 407-IV заңы (2021.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V заңы

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603 Заңы

«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» ҚР 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңы

«Еуропалық аймақтағы жоғары бiлiмге қатысты бiлiктiлiктi тану туралы конвенцияны бекiту туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 202 заңы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 шiлдедегi № 171-VІ заңы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 шiлдедегi № 171-VІ заңы

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

Аккредиттеу дегеніміз - мемлекеттік, үкіметтік немесе жеке орган белгілі бір, алдын-ала белгіленген критерийлерге немесе стандарттарға сәйкес ресми түрде тану үшін университеттің немесе оның жеке бағдарламасының сапасын бағалайтын процесс.

ҚР Білім туралы заңына сәйкес, аккредиттеу ерікті негізде жүзеге асырылады және білім беру ұйымы аккредиттеу органдарының ұлттық тізіліміне кіретін аккредиттеу агенттіктерінің ішінен кез-келгенін өз еркімен таңдауға құқылы.

ҚР Білім туралы заңына сәйкес, білім беру ұйымдарын немесе білім беру бағдарламаларын аккредиттеу білім беру ұйымдарының қаржысы есебінен жүзеге асырылады.

ҚР Білім туралы заңына сәйкес «аккредиттеуді өткізу туралы немесе аккредиттеуді өткізуден бас тарту туралы шешімді білім беру ұйымы өтінімдерді және тізбесін агенттік айқындайтын, ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша агенттік қабылдайды».

ҚР Білім туралы заңына сәйкес «аккредиттеуді өткізудің шарттары мен мерзімдері білім беру ұйымы мен аккредиттеу органы арасындағы аккредиттеуді өткізу туралы шартта айқындалады».

ҚР Білім туралы заңына сәйкес «аккредиттеу агенттігі өзінің аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкес институционалдық немесе бағдарламалық аккредиттеуді жүзеге асырады». Олардың мазмұнымен осы сілтеме арқылы таныса аласыз.

Отандық заңнама шетелдік агенттіктердің Қазақстандық білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын аккредиттеу құқытары мен іс-әрекетін шектемейді. Бұған қоса ҚР Білім туралы заңына сәйкес білім беру ұйымдары «уәкілетті органның тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында ұлттық және халықаралық институционалдық, бағдарламалық аккредиттеуден өтуге құқылы».

Дегенмен, мемлекеттік қаржыландыру мен мемлекеттік үлгідегі дипломды беру мүмкіндігі тек техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және Білім және ғылым министрлігінің тізіліміне кіретін агенттікте аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары ғана ие бола алады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аккредиттеу органдарының Ұлттық тізілімін қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 304 бұйрығы).

Яғни, жоғарыда аталған артықшылықтарға ие болу үшін білім беру ұйымдары институционалдық аккредиттеуді ұлттық аккредиттеу агенттіктерінде, ал мамандандырылған аккредиттеуді ұлттық немесе шетелдік аккредиттеу агенттіктерінде өту қажет.

IQAA Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық ассоциациясының (The European Association for Quality Assurance in Higher Education - ENQA) толыққанды мүшесі болып табылады және Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша агенттіктердің Еуропалық тізіліміне енгізілді (The European Quality Assurance Register for Higher Education - EQAR).

Сонымен қатар, IQAA келесі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшесі болып табылады:

- Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыздандыру бойынша агенттік желісі (The Central and Eastern European Quality Assurance Agencies in Higher Education - CEENQA);

- Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру агенттіктерінің Халықаралық желісі (The International Network for Quality Assurance Agencies in Higher Education - INQAAHE);

- Сапаны қамтамасыздандырудың Азиялық-Тынықмұхиттық желісі (Asia Pacific Quality Network - APQN);

- Жоғары білім беруді аккредиттеу жөніндегі кеңес (Council for Higher Education Accreditation - CHEA).

Институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу рәсімі еуропалық және халықаралық стандарттарға сәйкес агенттікпен әзірленген және 4 негізгі кезеңнен тұрады. Толығырақ

Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімі еуропалық және халықаралық стандарттарға сәйкес агенттікпен әзірленген және 3 негізгі кезеңнен тұрады. Толығырақ

Білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау есебін даярлағаннан бастап, сырқы аудиттен өткенге дейінгі аккредиттеу кезеңдері аяқталғаннан кейін, агенттік өзін-өзі бағалау мен сыртқы аудит туралы есептер мен материалдарды зерттеу негізінде Аккредиттеу кеңесіне қорытынды даярлайды.

Аккредиттеу Кеңесінің отырысы нәтижесінде қарастырылған білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларына қатысты келесі шешім шығарылады:

- 5 жылға;

- 2 жылға аккредиттеу;

- аккредиттемеу.

Жоғарыда айтылғандай қорытынды шешім Аккредиттеу кеңесімен қабылданады. Ол өз кезегінде академиялық қауымдастықтың, жұмыс берушілер мен студенттердің өкілдері енетін, сайланбалы, алқалы орган болып табылады. Аккредиттеу кеңесі нормативтік құжаттаманы бекітуге және аккредиттеу туралы шешім қабылдауға жауапты.

Бұл мақсаттарда агенттік жанында шағымдар мен апелляцияларды қарастыратын арнайы құрылымдық органдар жұмыс істейді.

Егер білім беру ұйымы Аккредиттеу кеңесінің шешімімен келіспеген жағдайда агенттіктің Апелляция комиссиясына хабарласа алады.

Егер де білім беру ұйымы аккредиттеу үрдісінің кез-келген кезеңінде агенттік жұмысында олқылықтарды байқаған болса, ол туралы агенттіктің Шағымдар жөнінде комиссиясына бірден хабарлауы қажет.

Бұған қоса агенттік сайтындағы арнайы КЕРІ БАЙЛАНЫС қосымша беті арқылы өздеріңізді қызықтыратын сұрақтарды қойып, пікірлеріңізбен бөлісіп, ескертулерді немесе ұсыныстарыңызды жеткізе аласыздар.

IQAA және оның қызметі туралы егжей-тегжейлі ақпаратты агенттіктің веб-сайтынан таба аласыздар.

15 бет. Барлығы: 15