ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫДАН КЕЙІНГІ БІЛІМДІ АККРЕДИТТЕУ

IQAA аккредиттеу стандарттары "Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулықтарына" (ESG) сәйкес әзірленген және оқу орындарының білім сапасын ішкі қамтамасыз етуге арналған. Аккредиттеу рәсімінде мемлекеттік нормативтік-құқықтық құжаттар мен халықаралық стандарттар да назарға алынады.

IQAA аккредиттеу рәсімі 4 кезеңнен тұрады:

Схема аккредитации

  • білім беру ұйымының Агенттікке аккредиттеуге өтінімді, қызметінің қысқаша сипаттамасын және бас лицензияның көшірмелерін беруі;
  • IQAA мен білім беру ұйымы арасында аккредиттеуді өткізу туралы шартқа қол қою. Шартта тараптардың құқықтары мен міндеттері, рәсімнің құны, өткізу кезеңдері, аккредиттеуді өткізу мерзімдері көрсетіледі. Мемлекеттік ұйымдармен шартқа электрондық порталда мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізгеннен кейін ғана қол қойылуы мүмкін;
  • үйлестірушінің тағайындалуы, егер Агенттік ұйыммен алғаш рет жұмыс істесе, ұйымға алдын ала іс-сапарға жіберіледі;
  • өзін-өзі бағалау есебін әзірлеу және аккредиттеу рәсімін өткізу бойынша ұйымның жұмыс топтары үшін оқыту семинарларын жүргізу;
  • оқу орнының өзін-өзі бағалау рәсімін жүргізуі, IQAA стандарттары мен өлшемдеріне сәйкес өзін-өзі бағалау есебін даярлау;
  • өзін-өзі бағалау есебінің алғашқы нұсқасын ұсыну және техникалық сараптама жүргізу. Сараптама нәтижелері жоғары оқу орнына жіберіледі, қажет болған жағдайда өзін-өзі бағалау есебі оқу орнымен пысықталады;
  • өзін-өзі бағалау есебінің және қосымшаларының өңделген нұсқасы Агенттікке ұсынылады;
  • институционалдық аккредиттеуде алдын-ала аудит өткізіледі.

Схема аккредитации

  • IQAA құрамына Қазақстанның оқу орындарының өкілдері, жұмыс беруші, студент және халықаралық сарапшы кіретін сарапшылардың (аудиторлардың) құзыретті тобын құрады;
  • топ өзін-өзі бағалау есебінің сараптамасын жүргізумен қатар құрылады;
  • агенттік сыртқы аудит тобының құрамы туралы оқу орнына мәлімдейді. Егер білім беру ұйымында аудиторлардың біреуінде мүдделер қайшылығына күдік туындаса, жазбаша дәлелді негіздемені тіркеп, сарапшыны алмастыру үшін Агенттікке жүгінуге құқылы;
  • үйлестіруші сыртқы аудитке дайындалу үшін сарапшылар тобының мүшелеріне бірнеше апта бұрын өзін-өзі бағалау материалдарын және әдіснамалық қамсыздандыруды жолдайды;
  • үйлестіруші сарапшыларды оқыту және аудиттің ұйымдастырушылық мәселелерін талқылау мақсатында сарапшылар тобына алдын ала вебинар өткізеді, оқу орнына тура сапар алдында - брифинг өткізіледі;
  • оқу орнына сыртқы аудит (3 күн). Сыртқы аудит өзін-өзі бағалау есебіндегі ақпараттың растылығын, ұйымдағы істердің нақты жай-күйін бағалаумақсатында жүргізіледі;
  • сарапшылар тобы сыртқы бағалау есебін құрып (ескертулерді, жақсартуға ұсынымдарды, оңтайлы тәжірибені көрсете отырып), үйлестірушіге жолдайды;
  • IQAA үйлестірушісі фактологиялық дәлсіздіктер орын алса, оларды жою мақсатында ұйымның қызметін бағалау жөніндегі сарапшылар тобының есебін оқу орнына жолдайды;
  • қажеттілік туындаса, оқу орындары шағымдануға құқылы.

Схема аккредитации

  • Сыртқы сарапшылар тобының есебін талдау және аккредиттеуден кейінгі мониторинг бөлімі сарапшылар кеңесімен бірігіп сыртқы аудит есебін тексереді және өңдейді, және Аккредиттеу кеңесі үшін аккредиттеу қорытындысын әзірлейді;
  • өзін-өзі бағалау, сыртқы бағалау есептеріне және қорытындыға негізделе, Агенттік үйлестірушісі Аккредиттеу кеңесіне презентацияны дайындайды;
  • IQAA Аккредиттеу кеңесінің мәжілісінің өткізілуі және оқу орнын аккредиттеу жөнінде шешімнің қабылдануы. Аккредиттеу кеңесі өзін-өзі бағалау және сыртқы бағалау есептеріне, қорытынды мен презентацияға сүйене, тәуелсіз шешім қабылдайды. Алайда, Аккредиттеу кеңесі мүшелерінің пікірлерін, оқу орны туралы қосымша ақпаратты және дәлелді негізді ескере бағалау нәтижесі өзгеруі мүмкін;
  • оқу орнына және сыртқы аудитті жүргізген сарапшылар тобына аккредиттеу жөнінде қабылданған шешім туралы хабарлау;
  • қажеттілік туындаған жағдайда, оқу орындары апелляцияға беруге құқылы;
  • Агенттік сайтында сыртқы аудит есебінің және аккредиттеу нәтижелерінің жариялануы. Аккредиттелген білім беру ұйымының, бағдарламаның IQAA сайтында ұсынылған «Шешімдер және есептер тізіліміне» енгізілуі;
  • DEQAR базасында сыртқы аудит есебінің жариялануы;
  • аккредиттелген жоғары оқу орнының сәйкес Ұлттық тізілімге енгізілуі үшін ақпараттың ҚР БҒМ жіберілуі.

Схема аккредитации

  • Агенттікпен тұрақты аккредиттеуден кейінгі мониторингтің өткізілуі.