Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі (ары қарай – IQAA немесе Агенттік) IQAA Стратегиясында берілген ашықтық және есеп берушілік принциптеріне сәйкес қызмет етеді. Бұл сыртқы сарапшылар тобының ескертулері мен ұсынымдарына келіспеген білім беру ұйымдарының шағымдарына орай ашық және әрекет ету рәсімдерінің бар екендігін болжамдайды. Шағым ретінде институционалдық аккредиттеуден немесе білім бағдарламалары аккредиттеуден өткен ЖОО-ның қызмет сапасына немесе агенттік үйлестірушілерінің немесе IQAA сыртқы сарапшылар тобы мүшелерінің әрекеттеріне наразылық білдіруін қабылдау қажет.
Агенттіктің шағымдарды қарастыратын жеке рәсімі бар. Білім беру ұйымдарының шағымдарын қарастыру сыртқы аудитті жүргізу барысында жіберілген бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді және оларды жою бойынша ұсынымдар береді. Наразылықтарды қарастыру қолданыстағы рәсімдердің тиімділігін бақылауға және бағалауға, агенттік қызметкерлері әрекеттерінің ашықтығы мен жауапкершілігін қолдауға мүмкіндік береді, IQAA және сарапшылар комиссиясының жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған стратегияның бөлігі болып табылады
Айтимов Болат Жолдасбекұлы
Философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Білімі:
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (2005 ж.);
Қ.А. Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті (2010 ж.);
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің PhD дәрежесі (2016 ж.);
«Құқықтану» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2021 жылғы 27 тамыздағы №675 бұйрығымен).
Жұмыс тәжірибесі:
Қызылорда мемлекеттік Қорқыт ата атындағы университетінің зертхана меңгерушісі, аға оқытушысы, деканның орынбасары (2006–2013 жж.);
Әр түрлі ұйымдарда: Алматыдағы Қазақстанның Халықаралық коммерциялық емес құқық орталығы, «Чернобыль және Арал балалары» халықаралық қайырымдылық қоғамдық қорының өкілдігі, Қызылорда облысының «Азаматтық Альянс» қауымдастығы – заңгер, заңгер-консультант (2013–2015 жж.);
И. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қылмыстық құқық пәндері кафедрасының меңгерушісі, профессор міндетін атқарушы (2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін).
Қосымша ақпарат:
Қазақстан Республикасының полиция органдарының 25 жылдығына арналған мерейтойлық медаль (2018 ж.);
«Әлеуметтік ғылымдар» саласындағы жоғары жетістіктері үшін 2023 жылғы «Жылдың үздік ғылыми қызметкері» сыйлығының иегері (2023 ж.).
Майлыбаев Ерсайын Құрманбайұлы
PhD докторы, МАИН академигі, «Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті» КеАҚ-ның ғылым және цифрландыру проректоры
Білімі:
О.А. Жәутіков атындағы Республикалық арнайы физика-математика мектеп-интернаты (РАФМШИ), Алматы қаласы (1998–2001 жж.);
Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (ҚазҰТУ), Алматы қаласы, мамандығы «Ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және технологиясы». Біліктілігі: «Инженер-жүйеші» (2001–2006 жж.);
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ), Алматы қаласы, мамандығы «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету». Техникалық ғылым магистрі (2013–2015 жж.);
Қазақ жол қатынастары университеті, білім беру бағдарламасы 6D070200 – «Автоматтандыру және басқару» (2018–2021 жж.);
PhD, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Кәсіптік оқытуды сапаны қамтамасыз ету ұлттық орталығы (КОКСОН) №761 бұйрығы, 22.10.2021 ж.
Жұмыс тәжірибесі:
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының аға оқытушысы, «Автоматтандыру, ақпараттық жүйелер және көлікте электроэнергетика» кафедрасының аға оқытушысы, Қазақ жол қатынастары университетінің ақпараттық технологиялар бойынша проректоры (2015–2023 жж.);
Satbayev University университетінде қосымша қызмет бойынша қауымдастырылған профессор (2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін);
• Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті» КеАҚ-ның ғылым және цифрландыру проректоры (2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін).
Қосымша ақпарат : Қазақстан Республикасының Білім министрінің «Құрмет грамотасы» (2018 ж.).
Хусаинова Гүлзада Әнуарқызы
Қазақ ұлттық өнер университетінің «Музыкалық орындаушылық және педагогика» кафедрасының меңгерушісі, профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты, PhD
Білімі:
Алматы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясы (1985 ж.);
Украина Педагогикалық ғылымдар академиясының Педагогика ғылыми-зерттеу институтындағы аспирантура (1995 ж.);
педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылыми кеңесі (ВАК) Президиумының шешімімен «Педагогика» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді (2001 жылғы 11 мамыр, диплом №004376, Алматы, Қазақстан);
Украина Ғылыми кеңесінің (ВАК) шешімімен педагогика бойынша PhD докторы дипломы берілді (2005 жылғы 28 қараша, КН №009280, Киев).
Жұмыс тәжірибесі:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Музыкалық өнер және білім кафедрасының меңгерушісіне дейінгі кезеңде Музыкалық аспаптар кафедрасының оқытушысы (1985–2008 жж.);
Қазақ ұлттық өнер университетінің «Музыкалық орындаушылық және педагогика» кафедрасының меңгерушісі, «Музыкалық білім» кафедрасының доценті, «Музыкалық орындаушылық және педагогика» кафедрасының профессоры (2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін).
Қосымша ақпарат: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ҚР Білім саласының құрметті қызметкері» төсбелгісі (2013 ж.).