ТУРИН ПРОЦЕСІ
- Еуропалық білім қоры (бұдан әрі - ETF) бұрынғы КСРО, Балқан аймағы және Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі кәсіптік білім беру жүйелерін реформалауды ілгерілету мақсатында 1995 жылы Еуропалық Комиссия жанынан құрылды. ETF Турин қаласында орналасқан (Италия).
- Задачами ETF являются поддержка процесса реформ, которая осуществляется посредством реализации различных проектов, экспертная помощь в решении актуальных вопросов, аналитические исследования современных тенденций, содействие распространению передового опыта в области профессионального образования и обучения.
- ETF-тің міндеттері әр түрлі жобаларды орындау арқылы жүзеге асырылатын реформалау процесін қолдау, өзекті мәселелерді шешуге сараптамалық көмек көрсету, заманауи үрдістерді талдамалық зерттеу, кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау саласындағы озық тәжірибелерді таратуға жәрдемдесу болып табылады.
- Еуропалық білім қоры ЕО атынан жұмыс істеу барысында, серіктес елдерге сапалы білім беру мен оқыту жүйелерін құруға және оларды тәжірибеде қолдануда жәрдемдеседі. 2009 жылы Еуропалық білім қоры өзінің қызметінің жаңа бағытын бастады және ол Турин процесі деп аталды.
Турин процесі - бұл Еуропалық білім беру қорының қолдауымен екі жылда бір рет оған кіретін барлық серіктес елдермен жүзеге асырылатын кәсіптік білім беру мен оқыту аясында саясатты дамытудың бірлескен шолуы
Турин процесі 2010 жылдың қаңтарында бастау алды және оның алғашқы бастамасы ұлттық семинарларда талқылау үшін есептерді қарау және әзірлеу болды.
Турин процесі шолу көлемі мен мазмұнын (талдамалық негізді), мүмкін ақпарат көздерін, іске асыру процесін (мүдделі тараптардың қатысуы) және күтілетін нәтижелерді анықтайтын әдіснамалық тәсілге негізделген.
Аналитикалық негіз қаралатын тақырыптық салалардың тізімін ұсынады және олардың әрқайсысында ТжКБ жүйесін және ТжКБ саясатының жай-күйін бағалау үшін құжатталуы қажет негізгі саясат мәселелері көтереді.
Ақпарат көздері мен типтері алуан түрлі. Бұл - сандық және сапалық мәліметтер мен көрсеткіштер, озық тәжірибелер, сапаны бағалау, әртүрлі мүдделі тараптар жасаған қолданыстағы ұлттық және халықаралық зерттеулер мен есептер.
Турин процесін енгізу іске асыру үдерістің әр түрлі кезеңдерінде мүдделі тараптардың (саясаткерлер, жеке және мемлекеттік сектордың практиктер мен ғалымдары) кең ауқымды қатысуы мен кеңесіне, шолу нәтижелерін талқылау және дамыту ұсыныстарына негізделген. Зерттеулерге сүйене отырып, елдер бойынша жиынтық есептер, сондай-ақ кәсіптік білім беру мен оқыту саясатын дамытудың аймақтық және халықаралық талдаулары жасалады.
Турин процесіне Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Батыс Балқан, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері қатысады.
- Саясаткерлер мен елдің мүдделі тараптарының процеске де, нәтижеге де жауапкершілік алуы (қорытынды есеп). Бұған Турин процесі мен ұлттық стратегиялар және / немесе басқа тиісті процестер арасындағы синергияны іздеу кіреді.
- Процесске әр түрлі мүдделі тараптардың, соның ішінде парламент комитеттерінің, саясаткерлердің, әлеуметтік серіктестердің, оқу орындарының директорларының, оқытушылардың, жергілікті билік органдарының, компаниялардың өкілдерінің, ғылыми қызметкерлер мен азаматтық қоғамның өкілдерінің кеңінен қатысуы. Қатысушыларды ауқымды қамту пікір алмасуға және мүдделі тараптардың консенсус іздеуге арналған платформаны ұсынады, осылайша саясатты талдау мен саясатты жүзеге асыру нұсқалары мен жолдарын таңдауда келісімге келу арасында байланыс орнатады.
- Жастар мен ересектерді қамтитын ТжКБ кеңейтілген түсінікке негізделген, жүйелік элементтер мен олардың өзара байланыстарын ғана емес, сонымен қатар ТжКБ жүйесінің өзі әрекет ететін әлеуметтік-экономикалық саланың қажеттіліктеріне жауап беру қабілетін ескеретін кешенді тәсіл. Аналитикалық база сыртқы және ішкі тиімділікті талдауды, көрінісін, сондай-ақ ТжКБ жүйесін басқару және қаржыландыру мәселелерін қамтиды.
- Құжатталған талдауға негізделген бағалау елдердің саясатты әзірлеудегі негізделген шешімдерін қабылдауда және жеткен жетістіктерді бағалауда, ал кейбір жағдайларда (егер ол негізделген болса және мемлекет мүдделі болса) - ЕС тәжірибесімен салыстырмалы талдау жүргізгенде негізгі рөлді атқарады. Дәлелді тәсіл сонымен қатар озық тәжірибені анықтауға және сынамалы деңгейден жалпы жүйелік деңгейге дейін таратуға мүмкіндік береді.
Аналитикалық негіз - бұл сапалы ақпаратты жинау және түсіндіру, сандық мәліметтерді мәнмәтіндеу, сонымен қатар ТЖКБ жүзеге асырылуы мен ұлттық, аймақтық және халықаралық көрсеткіштермен салыстырмалы даму прогресін бақылау құралы болып табылады. Аналитикалық негіздің әр бөліміне 2010 жылдан бастап кезеңдегі саясат саласындағы бастамалар және прогресті бағалау туралы бөлім кіреді.
Аналитикалық негіз:
- Турин процесіне қатысатын елдерге арналған ТЖКБ саясаттарын шолу бойынша нұсқаулық ретінде қолданылады;
- ТЖКБ қызметіне мемлекеттегі сұранысты қалыптастыратын факторлар туралы мәліметтер қорын жаңартуға және кеңейтуге арналған;
- ағымдағы сұранысқа ТЖКБ жүйесінің әрекет ету тиімділігін анықтау;
- ТЖКБ жүйелерін даярлауға, енгізуге және қайта құру саясатын бағалауға арналған сенімді платформаны қамтамасыз етуге арналған.
Аналитикалық шеңбер бес тарауда көрсетілген саясатты талдаудың бес негізгі бағыттарын қамтиды:
A тарауы – Ұлттық ТжКБ жүйесінің көрінісі
ТжКБ жүйесінің дамуының ұлттық көрінісі қандай? Барлық мүдделі тараптардың көзқарасын көрсете ме, және бәсекеге қабілеттілікті көтеруге және ұлттық дамудың кешенді мақсаттарына жетуге қалай әсер етуі мүмкін? Бұл тарауда сондай-ақ бастапқы ТжКБ және үздіксіз ТжКБ жүйелеріне жалпы шолу жасалады.
B тарауы – Экономика мен еңбек нарығының сұранысын қанағаттандыру нәтижелілігі және тиімділігі
Экономика және еңбек нарығының қандай негізгі факторлары елде біліктілікке сұранысты қалыптастырады? Сұранысты анықтаудың және жүйе ұсынатын білікті жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының қиысуының қандай механизмдері бар? Қорытындылай келе, ТжКБ жүйесінің жоғарыда көрсетілген сыртқы факторларға әсер етуінің қандай мүмкіндіктері бар?
C тарауы – Демографиялық және әлеуметтік сұранысты, сонымен қатар әлеуметтік интеграция (инклюзивті) талаптарын қанағаттандыру тиімділігі және нәтижелілігі
Қандай демографиялық және әлеуметтік факторлар ТжКБ қызметіне сұранысты қалыптастырады? ТжКБ жүйесінің бұл факторларға тиімді әрекет етуінде, оқытуда инклюзивті тәсілді қамтамасыз етуде және оқушылардың кәсіби және тұлғалық дамудағы қажеттілігін қанағаттандыруда потенциалы қандай?
D тарауы – ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі
ТжКБ жүйесінде оқыту нәтижесінің сапасы қалай анықталады және кепілдендіріледі? ТжКБ жүйесі қаншалықты тиімді? Оның үздіксіз жетілдіруін кім қамтамасыз етеді және оған қалай жетеді?
E тарауы – ТжКБ саясатын жүзеге асыру тәжірибелері және басқару
ТжКБ жүйесінде қандай шешімдер, қалай және қандай деңгейде қабылданады? Функциялар мен өкілеттіктерді бөлу иерархиясы дегеніміз не және жауапкершілікті бөлудің бұл жүйесі ТжКБ сапасын жақсартуға қалай әсер етеді?
2014 жылы Турин процесінің аналитикалық шеңбері қайта қаралды және толықтырылды.
Қазіргі таңда оның құрылымы саясат циклының жүйелілігін көрсетеді және бірқатар жалпы алғышарттарға негізделеді, мысалы:
- ұзақ мерзімді жоспарлау қажеттілігі;
- ТжКБ кеңінен әрекет етуі аясын ескере отырып, сұранысты сауатты басқару;
- ТжКБ тиімді және нәтижелі жеткізу;
- саясатты басқару үшін потенциалды дамыту.
Турин процесі шеңберінде қатысудың екі түрі болуы мүмкін:
1. ETF жүргізген бағалау
Бұл тәсіл процесті ұйымдастыруда және мемлекеттік есептерді дайындауда ETF тарапынан мықты басқару мен қолдауды қажет ететін мемлекеттерге қолайлы. ETF жеке мемлекеттер координаторларымен бірлесіп:
- саясатты талдауды жүргізуде мүдделі тараптардың қатысуына (фокус-топтарды және/немесе семинарларды ұйымдастыру арқылы) негізделген тәсілді қолдануды;
- талдауға қажетті мәліметтерді (жалпы қолжетімді сандық және сапалық мәліметтер) жинау;
- қорытынды есепті дайындаудағы мемлекет жауапкершілігі (есептік түрлі жобаларын талдауға қатысушылардың кең қатарын тарту арқылы).
Әр мемлекетте нәтижелерді тарату бойынша қорытынды семинар жүргізіледі. Семинар барысында мемлекеттегі ТжКБ жүйесін қайта құрудың негізгі қорытынды басымдылықтары анықталады.
2. Елдің өзін-өзі бағалауы
Бұл қатысу тәсілі өз қызметін бағалауды және мемлекеттік есептерді әзірлеуді тәуелсіз жүргізетін мемлекеттерге келеді. Бұл қатысу тәсілін таңдаған мемлекеттерге ETF Турин процесінің төрт қағидатын ұстанудың бірқатар белгілерін ұсынады:
- процесті жүзеге асыруға және есепті әзірлеуге жауапты мемлекетте нақты бір ұйымды тағайындау;
- барлық мүдделі тараптар қатысатын сөрелік семинарды ұйымдастыру туралы келісім;
- есеп жобасын әзірлеуде кеңес беруге мүдделі тараптардың кең көлемін тартуға мемлекеттің келісімі;
- есептің жоспарлы көлемі мен құрылымы кіретін ETF нұсқаулығын елдердің қабылдауы;
- өзін-өзі бағалау есебінің жобасына ETF түсінік беруіне мүмкіндік беру;
- қорытынды есепті сараптамалық бағалауды жүргізу процесіне ETF қосу.