ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУДІ ЖҮРГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын аккредиттеу рәсімі 3 кезеңде жүргізіледі.

Алдын ала қадамдар

Схема аккредитации

Мектептің өзін-өзі бағалау кезеңдері

  • Жұмыс топтарымен басқару комитетін құру.
  • Өзін-өзі бағалау процесін жоспарлау және ұйымдастыру.
  • Жағдайды анықтау және бүкіл ұжымды осы процеске тарта отырып, өзін-өзі бағалау туралы ақпарат дайындау.
  • Мектеп туралы ақпаратқа шолу және ұйым қызметін жақсарту бойынша шешімдер негізінде, Өзін-өзі бағалау рәсімін жүргізу және мектеп басшылығының шешім қабылдауы

Есеп жазу кезінде орта білім беру ұйымдары келесі негізгі ережелерді ескеруі керек:

  • Есеп мектеп жұмысында стратегиялық жоспарлаудың миссиясы мен мақсаттарының қалай жүзеге асырылатынын көрсетуі керек.
  • Барлық тұжырымдар негізделген және тиісті растайтын құжаттармен қамтамасыз етілуі керек.
  • Сыртқы сарапшылар тобына сайт сілтемелеріне немесе мектеп серверіне кіруге рұқсат берілуі керек.

Сыртқы бағалауды жүргізу тәртібі

  • Өзін-өзі бағалау есебінің соңғы редакциясын алғаннан кейін IQAA және мектеп сыртқы бағалауға дайындалады.
  • IQAA сыртқы сараптама тобын құрады және мектептің сыртқы бағалау мерзімін анықтайды.
  • Агенттіктің үйлестірушісі сыртқы бағалау бағдарламасын сараптама тобының төрағасымен және мектеппен бекітеді.
  • Бекітілен бағдарламаға сәйкес сыртқы сарапшылар мектеп жұмысын бағалайды.
  • Сыртқы бағалау қорытындысы бойынша сыртқы сараптама тобы есепті қалыптастырады және мектеп басшылығын сыртқы бағалаудың алдын ала нәтижелерімен таныстырады.

Мектептің бекітілген бағдарламасында сыртқы сарапшылар мыналарды қарастырады:

  • Мектеп директорымен сұхбат
  • Директордың орынбасарларымен сұхбат
  • Әдістемелік бірлестіктердің басшыларымен сұхбат
  • Педагогикалық ұжыммен сұхбат
  • Оқушылармен сұхбат
  • Оқушылардың ата-аналарымен сұхбат
  • Мектепті визуалды тексеру
  • Оқу сыныптарына, зертханаларға, кітапханаға, оқушыларды қолдау қызметтеріне бару
  • Оқу сабақтарына іріктеп қатысу
  • Мектеп құжаттамасын зерттеу
  • Сыртқы сарапшылардың сыртқы бағалау қорытындыларын талқылауы
  • Мектеп басшылығына құпия түрде алдын ала нәтижелер беру

1. Агенттік Аккредиттеу Кеңесінің қарауы үшін отырысқа мектепті аккредиттеу жөніндегі материалдарды дайындайды.

2. Орта білім беру ұйымын аккредиттеу туралы мәселені аккредиттеу кеңесінде қарау.

3. Орта білім беру ұйымдары сәтті аккредиттелген жағдайда тиісті мерзімге аккредиттеу туралы куәлік беріледі орта білім беру ұйымын аккредиттеу туралы куәлікті тиісті мерзімге ресімдеу және беру.

АККРЕДИТТЕУ СТАНДАРТТАРЫ

Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің (IQAA) стандарттары қазіргі заманғы халықаралық үрдістер мен ұлттық қазақстандық контекстті ескере отырып, мектепке дейінгі және орта білім беруді аккредиттеу үшін арнайы әзірленді. Институционалдық аккредиттеудің осы стандарттары мектепке дейінгі және орта білім беру қызметінің барлық тараптарын және мынадай бағыттарды қамтиды:

  • Миссия, көзқарас, мақсаттар, міндеттер және құндылықтар. Жоспарлау мен тиімділік.
  • Тиімді көшбасшылық және басқару.
  • Оқыту және білім алу.
  • Денсаулық және қауіпсіздік.
  • Білім алушыларды қолдау ресурстары мен қызметтері.

Стандарттар нормативтік талаптарды, мектепке дейінгі және орта білім беру қызметін бағалау критерийлерін қамтиды. Олар білім беру ұйымдары үшін өзін – өзі бағалау туралы есепті дайындау кезінде, сарапшылар үшін-осы есептерді сараптау және сыртқы аудит жүргізу кезінде негізгі құжат болып табылады.

Осы стандарт орта білім беру ұйымының миссиясына, көзқарасына, құндылықтарына, мақсаттары мен міндеттеріне, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектеп қызметінің жоспарлануы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды айқындайды. Мектептің миссиясы қысқа, түсінікті және оның философиялық құндылықтары мен аймақтық экономиканың дамуындағы рөлін көрсетуі керек.

Ол оқу орнының даму бағытын 5-10 жылға белгілейді. Мектептің миссиясы мен мақсаттарын қалыптастыру процесіне педагогикалық құрамды, әкімшілікті, ата-аналарды және жергілікті қоғамдастықты тарту маңызды аспект болып табылады. Стратегиялық жоспарлау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі айқындаған өзгеретін мән-жайлар мен басымдықтарды назарға алуға тиіс.

Мектептің күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ осы деректер негізінде стратегиялық және жылдық жоспарларды түзетіп, қауіптер мен мүмкіндіктерді бағалау үшін SWOT талдауын жүргізу маңызды.

Сонымен қатар, Стратегиялық жоспарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қоса алғанда, оқушылардың барлық санаттары үшін білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін инклюзивті білім беру элементтерін енгізу көзделуге тиіс.

Мектепте білім беру процесін тиімді басқаруды және оқыту сапасының жоғары деңгейін сақтауды қамтамасыз ететін нақты көшбасшылық құрылым болуы керек.

Мектепте стратегиялық даму жоспарын бекітуде және білім беру бағдарламаларын іске асыруды бақылауда белсенді рөл атқаратын Қамқоршылар Кеңесі сияқты басқару органдары болуы керек.

Басшылық басқарудағы тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз етіп, стратегиялық негізделген шешімдер қабылдау құзыретіне ие болып, қызметкерлердің кәсіби өсуін қолдау керек.

Маңызды факторлардың бірі-басқарушы кадрларды таңдаудағы және басқарудағы ашықтық, бұл сенімді қатынастарды нығайтуға және халықпен тиімді өзара іс-қимылға ықпал етеді.

Сондай-ақ, негізгі талап-оқу және тәрбие іс-шараларын бақылау, мектептің мақсаттарына жетудегі прогресті үнемі бағалау және түзету.

Мектепте білім беру қызметінің нәтижелерін мониторингтеу және бағалау рәсімдері, сондай-ақ білім беру сапасын жақсартуға бағытталған түзету әдістері нақты жазылуы тиіс.

Осы стандарт жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектептердің оқу процесінің мазмұнына және педагогикалық құрамының қызметіне қойылатын талаптарды айқындайды.

Оқу жоспарларын қалыптастыру жүйесін, оларды іске асыруды және оқыту сапасын бақылауды мектептің академиялық саясаты қамтиды.

Сонымен қатар, оқу жоспарларын қалыптастыру тетіктерін, оларды іске асыруды және оқыту сапасын бақылауды қамтуы тиіс.

Барлық оқушыларға негізгі қағидаттар болып сапалы білім беруге мүмкіндік беретін білім беру мазмұнының инклюзивтілігі, қолжетімділік теңдігі және өзектілігі табылады.

Мектеп білікті педагогикалық ұжымды, оқу материалдарын, заманауи техникалық жабдықтар мен кітапхана ресурстарын қамтитын оқу бағдарламасын сәтті орындау үшін қажетті ресурстарға ие болуы керек. Бұл сонымен қатар қосымша білім беру бағдарламаларының қолжетімділігін қамтамасыз етуге және оқушылардың жеке қажеттіліктерімен жұмыс істеуге қатысты.

Оқыту әдістері оқушылардың мәдени, жас және жеке айырмашылықтарын ескеріп, инклюзивті білім беру принциптеріне сәйкес келетін сараланған тәсілдерді қолдануы керек. Нәтижесінде, бұл білім беру процесінің сапасын жақсартып қана қоймай, оны өзгеретін талаптарға бейімдеуге мүмкіндік береді.

Мектеп басшылығы оқу процесіне қатысушылардың барлығының физикалық, эмоционалдық және когнитивті әл-ауқатына кепілдік беретін жүйені құруы керек.

Бұл стандарт мектептегі қауіпсіздікке байланысты тәуекелдерді бағалау және басқару тәртібін, сондай-ақ денсаулық пен қауіпсіздікке қатысты нормативтік құжаттарды әзірлеу және жаңарту процесін белгілейді.

Мектеп қызметкерлер мен оқушыларға төтенше жағдайларда әрекет ету тренингтер өткізуге міндетті. Сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жергілікті қызметтермен ынтымақтастықта болу маңызды.

Стандарт сонымен қатар қауіпсіздікті бақылауға, құжаттарды қайта қарауға және балаларға қатыгездіктің, қорқытудың алдын алу жүйесін құруға қойылатын талаптарды қамтиды, бұл қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Мектепте келушілер, еріктілер және басқа адамдар үшін кіруді бақылаудың тиімді жүйесі болуы керек, соның ішінде кіруді тіркеу, бейнебақылау және кірудің қатаң ережелері бұл ғимаратқа рұқсатсыз кірудің алдын алуға көмектеседі.

Сонымен қатар, оқушыларды санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келетін дұрыс және теңдестірілген тамақтанумен қамтамасыз ету маңызды элемент болып табылады.

Тағы бір маңызды мәселе-дәрі-дәрмектерді сақтау және қабылдау бойынша жазбаша нұсқаулардың болуы және орындалуы.

Мектепте дәрі-дәрмектерді қауіпсіз пайдалануды реттейтін міндетті процедуралар, соның ішінде қызметкерлердің жауапкершілігі және ата-аналарды хабардар ету ережелері болуы керек.

Білім беру ұйымының білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу құқығындағы материалдық және материалдық емес активтері бар.

Бұған ғимараттар, оқу сыныптары, зертханалар мен спорттық ғимараттар ғана емес, сонымен қатар оқулықтардың, заманауи ақпараттық технологиялардың қол жетімділігі, сондай-ақ техникалық жабдықтардың жағдайы кіреді.

Мектеп осы ресурстарды пайдаланудың тиімділігін қадағалап, сонымен қатар олардың жағдайын үнемі бағалап, жақсарту жолдарын ұсынуы керек.

Мектеп қауіпсіздікті, қол жетімділікті және гигиеналық стандарттардың сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік стандарттар мен санитарлық нормаларға сәйкестігін қамтамасыз етуі керек.

Мектеп мектептің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қолдайтын және оның дамуына ықпал ететін қаржылық саясаттың, бухгалтерлік есеп пен бақылау жүйесінің болуын көрсетуі керек.Сондай-ақ, мектептің бухгалтерлік есеп пен қаржылық тұрақтылық нормаларын сақтау маңызды аспект болып табылады.

Жыл сайынғы қаржылық аудит және қаржыландырудың оқушылар мен қызметкерлердің қажеттіліктеріне сәйкестігі де маңызды.

ӨТІНІМ ФОРМАСЫ

Институционалдық аккредиттеуден өту үшін білім ұйымы нысанға сәйкес IQAA-ға (Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. ресми электрондық поштаға) өтінім береді.

ФОРМА ЗАЯВКИ

Для прохождения институциональной аккредитации учебное заведение подает в IQAA заявку в электронном виде (на официальную электронную почту Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.) согласно форме.

 

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының

ШЕШІМДЕР ЖӘНЕ ЕСЕПТЕР ТІЗІЛІМІ

REGISTER OF DECISIONS AND REPORTS

Organizations of Preschool and Secondary Educationя

РЕЕСТР РЕШЕНИЙ И ОТЧЕТОВ

Организации дошкольного и среднего образования

Список экспертов (выборка из базы данных)
Независимого агентства по обеспечению качества в образовании (IQAA)

 

№ п/п ФИО Регалии Направление
1.  Кадырова А.С. Профессор, к.э.н. Маркетинг, экономика
2.  Сартаева К.Р. Профессор, к.ю.н. Юриспруденция, право
3.  Абдижапарова Б.Т. К.т.н., доцент Автоматизация и управление, электроэнергетика
4.  Минайдарова М.Е. К.п.н., доцент Филология
5.  Майлыбаев Е.К. Доктор PhD Информационные технологии, автоматика
6.  Акаев А.М. Ассоциированный профессор, PhD Электроэнергетика
7.  Кипшаков С.А. Ассоциированный профессор, к.п.н. Дизайн
8.  Касенов С.Т. Ассоциированный профессор, к.ф.н. Филология
9.  Алмагамбетова М.Ж. К.т.н., доцент Химическая технология органических веществ
10.               Жумадиллаева А.К. Ассоциированный профессор, к.т.н. Информатика
11.               Рахимова Г.М. Ассоциированный профессор, к.т.н. Строительство
12.               Горшкова Л.В. Профессор, к.т.н. Строительство
13.               Есенгельдин Б.С. Профессор, д.э.н. Бизнес и финансы, Финансовая экономика
14.               Надиров К.С. Профессор, д.х.н. Нефтегазовое дело
15.               Борбасова З.Н. Профессор, д.э.н. Туризм
16.               Жансеитова Г.С. К.э.н., и.о. доцента Экономика
17.               Рустембаев А.Б. Доктор PhD Транспорт, транспортная техника и технологии
18.               Ержанов А.С. Доктор PhD Материаловедение и экспертиза керамики, стекла и вяжущих
19.               Ибадуллаева С.Ж. Профессор, д.б.н. Биология
20.               Нусупбеков Б.Р. Профессор, к.т.н. Физика
21.               Альмухаметов А.Р. Профессор, к.ф.н. Религиоведение
22.               Сандибеков М.Н. Профессор, к.т.н. Горное дело
23.               Келесова У.С. Ассоциированный профессор, к.э.н. Технология и конструирование изделий легкой промышленности
24.               Бимаханов Т.Д. Доктор PhD Физическая культура и спорт
25.               Исаев Г. К.т.н., доцент Биология
26.               Сунакбаева Д.К. К.т.н., и.о. доцента Биотехнология
27.               Васильев Д.В. К.м.н., доцент Медицина
28.               Абдикаримова М.Н. Доктор PhD Международный туризм
29.               Нурекенова Э.С. К.э.н., доцент Экономика, Финансы
30.               Акильжанова А.Р. Д.м.н. Генетика
31.               Сагындыков У.З. К.б.н., доцент Микробиология

№ п/п ФИО Страна Регалии Направление
1.  Шарков Ф.И. Россия Профессор, д.с.н. Медиа-Журналистика
2.  Ананьева А.А. Россия Д.ю.н., доцент Юриспруденция, право
3.  Капогузов Е.А. Россия Д.э.н., доцент Экономика, финансы, менеджмент, маркетинг
4.  Шангараев Р.Р. Россия К.и.н. Исламоведение, религиоведения, история
5.  Тайгузин Р.Ш. Россия Профессор, д.б.н. Сельское хозяйство
6.  Рыбников В.Ю. Россия Профессор, д.мед.н., д.псих.н. Медицина
7.  Битус Е.И. Россия Профессор, д.т.н. Технология, металлургия
8.  Данильчук Т.Н. Россия Профессор, д.т.н. Технология, металлургия
9.  Зыков С.В. Россия Д.т.н., доцент ВТиПО, ИС, информатика
10.               Lõhmus R. Эстония доктор PHD Автоматика, механика, транспорт, Математика и физика
11.               Азизов А.А. Азербайджан Профессор, д.х.н. Химия, геология, нефть и газ
12.               Зорин В.А. Россия Профессор, д.т.н. Технология, металлургия
13.               Gurvits-Suits N. Эстония Ассоциированный профессор, д.э.н. Экономика, финансы, менеджмент, маркетинг
14.               Гусова Д.Т. Россия Кандидат искусствоведения Архитектура, дизайн, строительство
15.               Масленников В.В. Россия Профессор, д.э.н. Экономика, финансы, менеджмент, маркетинг
16.               Гафурова Н.Э. Узбекистан доктор PHD Юриспруденция, право
17.               Черных В.Г. Россия К.т.н., доцент Технология, металлургия
18.               Коробова Н.Е. Россия Профессор, д.т.н. Автоматика, механика, транспорт
19.               Marko Marhl Словения Профессор, д.н. ВТиПО, ИС, информатика
20.               Смирнов В.Е. Россия Профессор, к.и.н. История
21.               Алосманов Р.М. Азербайджан Профессор, д.х.н. Химия, геология, нефть и газ
22.               Хаматханова Е.М. Россия Д.м.н. Медицина
23.               Иконникова Г.Ю. Россия К.псих.н., доцент Педагогика, психология, дефектология
24.               Винтайкин Б.Е. Россия Профессор, д.ф.-м.н. Математика и физика
25.               Mehmet A. Akgün Турция Профессор, доктор PHD Биология, механика
26.               Бийбосунов Б.И. Кыргызстан Профессор, д.т.н., д.ф.-м.н. ВТиПО, ИС, информатика, Математика и физика
27.               Джоробекова Г.Э. Кыргызстан К. пол.н., доцент Международные отношения, политология, юриспруденция

№ п/п ФИО Должность Организация
1.  Миниханова С. Директор Туристическое агентство «Evisa Travel»
2.  Наурзгалиева А.А. Президент Казахстанская Ассоциация сахарной, пищевой и перерабатывающей промышленности
3.  Сарбаев А.Т. Профессор, д.сх.н. Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства
4.  Некрасова Н. Исполнительный директор Ассоциации "Союз проектных менеджеров РК"
5.  Аубакирова Г.Г. Заместитель директора по научно-методической работе Республиканская физико-математическая школа, г. Алматы
6.  Бельгибаев С.Т. Президент Фонд содействия профессиональным СМИ
7.  Әбіләзім А.С. Директор КГУ «Лицей-интернат «Білім-Инновация» №3» управления образования области Улытау
8.  Сарсенбеков А.Ж. Директор «Областная школа-интернат для одаренных детей №10 «Білім-инновация лицейі» Коммунальное государственное учреждение Кызылординского областного отдела образования
9.  Ибрагимов Ф.Р. Директор центра обучения АО «Онтустик мунай газ»
10.               Вяткина И.Р. Директор ТОО "Endeavour"

№ п/п ФИО Уровень и курс обучения Специальность вуз
1.  Исабаев М.С. Докторантура, 1 курс Транспорт, транспортная техника и технологии Карагандинский технический университет имени А. Сагинова
2.  Хамит Қ.Қ. Бакалавриат, 3 курс Юриспруденция Костанайский региональный университет имени Ахмет Байтұрсынұлы
3.  Кусымбаева Д.Ф. Магистратура, 2 курс Финансы Костанайский региональный университет имени Ахмета Байтурсынова
4.  Султанов К.У. Докторантура, 3 курс Медицина Южно-Казахстанская медицинская академия
5.  Абдигапиров Н.Р. Магистратура, 2 курс Юриспруденция Международный университет туризма и гостеприимства
6.  Шардарова В.Н. Бакалавриат, 3 курс Туризм Карагандинский университет имени академика Е. Букетова
7.  Аяпбергенова А.Т. Магистратура, 2 курс Частное право Карагандинский университет имени академика Е. Букетова
8.  Ширханов Х.Ш. Магистратура, 2 курс Строительство Международный транспортно-гуманитарный университет
9.  Данько И.В. Докторантура, 1 курс Электроэнергетика Satbaev University
10.               Аубел М.М. Магистратура, 2 курс Журналистика Университет Туран

ӨТІНІМ ФОРМАСЫ

Институционалдық аккредиттеуден өту үшін білім ұйымы нысанға сәйкес IQAA -ға (Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. ресми электрондық поштаға) өтінім береді.

INFORMATIONAL VIDEOS

In order to inform and train students more effectively on procedures of quality assurance in education, the staff of the agency develops informational videos, which describe in details the work carried out by IQAA and demonstrate the procedures of quality assurance. These videos is a good source of additional information for students and other experts to improve their knowledge and expertise in the field of quality assessment.

Below you can find a list and references to informational videos on the official YouTube Channel of IQAA.

A series of informational videos on procedures of quality assurance in education:

1. What is accreditation?

2. The procedure of quality assurance in educational organizations.

3. The role of students in the process of quality assurance in education.

1 бет. Барлығы: 15