САРАПШЫ-СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

Институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу рәсімдеріне қатысатын Сарапшы-студенттерге арналған нұсқаулық жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру саласында, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (IQAA) аккредиттеу рәсімдері және стандарттары бойынша студенттерге нұсқаулық беру мақсатында әзірленген. Ол студенттердің сыртқы аудитке қатысуындағы рөлін түсіндіруге бағытталған. Сонымен қатар, Нұсқаулық жоғары оқу орындарының сапасын сырттай бағалау рәсімдерін және стандарттарын IQAA аккредиттеу рәсімдеріне қатыстырылған студенттерге таныстыруға және зерттеуге бағытталған.

Нұсқаулықты әзірлеу барысында QUEST жобасы бойынша Студенттердің еуропалық одағының тәжірибесі пайдаланылды. QUEST жобасы сапаны қамтамасыздандыру үдерістерінде студенттердің қатысуын кеңейту және қолдау мақсатында құрылған. Жоба, Шотландияның сапа үдерістеріндегі студенттердің қатысуын кеңейту агенттігі (Sparqs), Румынияның жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру агенттігі және Германияның аймақтық студенттер органдарының еркін қауымдастығы (fzs) кіретін «Өмір бойында білім алу» ЕО бағдарламасымен қаржыландырылған.

Институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу рәсімдеріне қатысатын сарапшы-студенттерге арналған нұсқаулық (орыс тілінде)

{source}

<script src="//static.fliphtml5.com/web/js/plugin/LightBox/js/fliphtml5-light-box-api-min.js"></script>

{/source}

СТУДЕНТТЕРДІҢ АККРЕДИТТЕУ ҮДЕРІСІНЕ ҚАТЫСУЫ

Біздің агенттік оқу орындарын бағалауда және студенттер мүддесін қолдауда студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз етеді.

Studenty experty

Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің Ережелеріне сәйкес аккредиттеу жөнінде соңғы шешімді қабылдайтын Аккредиттеу кеңесінің, сыртқы аудит сарапшылары тобының құрамына міндетті түрде студенттер өкілдері кіреді. Сонымен қатар, студенттер міндетті түрде IQAA институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу үдерістеріне қатысады.

Жоғары оқу орындарының және білім бағдарламаларының сыртқы аудитінің сарапшылар тобында студенттердің негізгі қызметі:

  • Біріншіден, студенттер өкілі жағдайды өзінің көзқарасы тұрғысынан бағалайды.
  • Екіншіден, сарапшылар тобына таңдалатын студенттерде, әдетте, жоғары оқу орны деңгейінде, немесе ұлттық деңгейде осындай жұмыс тәжірибесі болады.

Студенттерді сыртқы аудитке қатысуға дайындау үшін Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (IQAA) жалпы сарапшыларға, сондай-ақ жеке сарапшы-студентке жиі оқыту семинарларын өткізеді. Агенттіктің талдау және сапа бөлімі аккредиттеудің түрлі кезеңдері қызықты және айқын көрсетілетін, білім сапасын қамтамасыздандырудағы студенттердің рөлі түсіндірілетін арнайы студенттерге арналған ақпараттық бейне-роликтерді дайындайды.

Агенттіктің қызметі және сапаны қамтамасыздандыру рәсімдері туралы студенттерді ақпараттандыру Facebook, Twitter әлеуметтік желілеріндегі және YouTube видео-хостингіндегі агенттіктің ресми парақшалары арқылы жүзеге асырылады.

INQAAHE ТИІСТІ ТӘЖІРИБЕ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ

INQAAHE (Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру агенттіктерінің халықаралық желісі) тиісті тәжірибе туралы нұсқаулығы даму кезеңіне тәуелсіз, барлық сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерінің жұмысында қолдануға арналған. INQAAHE тиісті тәжірибе туралы нұсқаулығы алғаш 2003 жылы басылып шығарылды және 2006 жылы қайта қаралды. INQAAHE тиісті тәжірибе туралы нұсқаулығының жаңа нұсқасында 2003 жылғы нұсқаны қолданған мекемелердің, бағдарламалардың және сарапшылардың тәжірибесі көрініс тапқан. Ол INQAAHE үздіксіз жетілдіру үдерісін жалғастыру мақсатында әзірленген.

Тиісті тәжірибе туралы нұсқаулық мақсаты - ішкі және/ немесе сыртқы сапаны қамтамасыздандыруда тиісті тәжірибені жетілдіру. Нақты мақсаттарына:

  • сыртқы сапаны қамтамасыздандырудың жаңа агенттіктерін (EQAAs) құру нұсқаулығына арналған қорды (базаны) жасау;
  • сыртқы сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерінің өзін-өзі бағалау және сыртқы бағалау барысында қолдануына арналған критерийлерді ұсыну;
  • сыртқы сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерінің және олардың қызметкерлерінің арасында кәсіби дамуды жетілдіру;
  • сыртқы сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерінің қоғам алдында есеп беруін жетілдіру.

Берілген ақпарат INQAAHE тиісті тәжирибе нұсқаулығының ресми нұсқасынан алынған.

INQAAHE тиісті тәжірибе туралы нұсқаулығы туралы толығырақ ақпарат INQAAHE ресми веб-сайтында қол жетімді.

ECTS ҚОЛДАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ

ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System - Кредиттерді аудару және жинақтаудың еуропалық жүйесі) студенттердің шетелде білім алу кезінде алған кредиттерді олардың бастапқы жоғары оқу орындарына қайтуы барысында аудару тәсілі ретінде Эразмус бағдарламасы аясында 1989 жылы енгізілген. Қазіргі таңда бұл жүйе кредиттерді жинақтауда, бағдарламаларды әзірлеуде, сипаттауда және жүзеге асыруда, кредиттерді және білім алу кезеңдерін растау үдерісі көмегімен әр түрлі мемлекеттер ішінде студенттердің мобильділігіне мүмкіндік бере отырып, қосымша міндет атқарады. ECTS қолдану нұсқаулығы ECTS жүзеге асырудағы ұсыныстар және қосымша пайдалы құжаттарға сілтемелер болып табылады.

2009 жылғы ECTS қолданылу нұсқаулығы 2014 жылы 17-18 қарашада Рим қаласында Болон үдерісінің жұмыстық тобымен қарастырылды және 2015 жылы мамыр айында Ереван қаласында (Армения) өткен Министрлер конференциясында мақұлданған. Берілген қайта қарастырылған нұсқа Болон үдерісінің мемлекеттерінде, сонымен қатар жеке мемлекеттерде әзірленген, соңғы жылдары жасалған жұмыстарға негізделген. Бұл академиялық қоғамға және жоғары білім берудегі басқа мүдделі тараптарға Болон үдерісімен насихатталатын бағытта жүруге көмектесу мақсатында өткізілген.

Қайта қарастырылған нұсқаулықта Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігін құру, үздіксіз білім беруді нығайту, оқытушыға орталықтандырылған жоғары білім беруден студентке орталықтандырылған білім беруге ауысу парадигмалары, оқыту нәтижелері түсініктері қолданысының артуы, оқытудың жаңа формаларын әзірлеу сияқты Болон үдерісіндегі соңғы әзірленімдер ескерілген.

Берілген ақпарат ресми ECTS қолдану нұсқаулығынан алынған.

Кредиттерді аудару және жинақтаудың еуропалық жүйесі туралы толығырақ ақпарат Еуропалық комиссияның ресми веб-сайтында берілген.

ENQA СТАНДАРТТАРЫ ЖӘНЕ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ

Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыздандыру стандарттары және нұсқаулықтары (ESG) Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру еуропалық қауымдастығының (ENQA) Студенттердің еуропалық одағымен (ESU), Жоғары оқу орындарының еуропалық қауымдастығымен (EURASHE) және Университеттердің еуропалық қауымдастығымен (EUA) бірлесе әзірленген ұсынысы бойынша 2005 жылы білім министрлерімен қабылданған.

2005 жылдан бері сапаны қамтамасыздандыру, сонымен қатар Болон үдерісінің басқа бағыттары аясында бірқатар ілгері қадамдар жасалды.

2012 жылы министрлер коммюникесі Е4 тобын (ENQA, ESU, EUA, EURASHE) Халықаралық білім беру, Бизнес Еуропа және Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың еуропалық реестрімен (EQAR) бірлесе «олардың айқындылығын, қолданбалылығын және пайдасын, соның ішінде қолданылу аясын жақсарту мақсатында» ESG қайта қарастырылған жобасын әзірлеуге шақырды.

ESG жаңа редакциясын әзірлеу негізгі мүдделі тараптардың, сонымен қатар министрліктердің қатысуымен өткізілген бірнеше кеңестер кезеңінен тұрады. Барлық ескертулер, ұсыныстар және нұсқаулықтар мұқият талданып, Басқарушы топпен (БТ) қабылданды. Олар Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігіндегі сапаны қамтамасыздандыруға арналған стандарттар және нұсқаулықтардың (ESG) соңғы нұсқасында орын алған. ESG жаңа стандарттары 2015 жылы Ереван қаласында (Армения) өткен Жоғары білім министрлерінің конференциясында қабылданған.

Жаңа ESG 2015 түпнұсқалық құжаты, оның бейресми аудармалары және қосымша ақпарат ENQA веб-сайтында ұсынылған.

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі ESG өзінің бейресми аудармасын (орыс тіліндегі) әзірлеген және төмендегі сілтемеде ұсынылады.

ENQA Стандарттары және нұсқаулықтары 2015 (орыс тілінде)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМДІ ДАМЫТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2050» Стратегиясының маңызды басымдылықтарының бірі деп танылған. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президентімен еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттерінің қатарына кіруі туралы тапсырмасы берілді. Білім беру жүйесін жетілдіру бұл мақсатқа жетуде маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық негізі, мемлекеттік саясатты және қазақстандық білім берудің жаңғыртуын қолдайтын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары болып табылады.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы).

ИНФОРМАЦИОННОЕ ВИДЕО

В целях более эффективного информирования и обучения экспертов по процедурам обеспечения качества в образовании, сотрудниками Агентства разрабатываются информационные обучающие видео, описывающие в деталях деятельность IQAA и процедуры по обеспечению качества. Данные видео являются дополнительным материалом, закрепляющим знания экспертов, в особенности, студентов.

Ниже приведен список и ссылки на информационные видео на официальном YouTube канале IQAA.

Серия информационных видео по процедурам обеспечения качества в образовании:

1. Что такое аккредитация?

2. Процедура обеспечения качества в образовательных учреждениях.

3. Роль студентов в процессе обеспечения качества образования.

 

 

КІТАПХАНА

ENQA жылдық есебін жариялау (2022)

ENQA жылдық есебін жариялау (2021)

ENQA жылдық есебін жариялау (2020)

ENQA жылдық есебін жариялау (2019)

ENQA жылдық есебін жариялау
(2018)

EQUIP (2015). 2015 ж. ESG мен 2005 ж. ESG салыстырмалы талдау

ENQA (2015). ENQA-мен өткізілген 4-ші сауалнама нәтижелері

ENQA (2014). Жоғары білім берудегі сапа тұжырымдамасы

ENQA (2014). Сапаны ілгерілету бойынша бірлескен жұмыс

ENQA (2012). Болашаққа болжам

ENQA (2011). ESG енгізу және қолдану нәтижелері (MAP-ESG жобасы)

ENQA (2008). ENQA екінші сауалнамасының нәтижелері

European Students' Union (2015). Еуропадағы жоғары білім берудегі студентке бағытталған оқыту. European Students' Union: Brussels

European Students` Union (2015). Болон процесі студенттердің көзімен. 1999 жылы қойылған мақсаттарға жету уақыты

European Students` Union (2015). Студенттердің "сапа" туралы көзқарасы: студенттерге жүргізілген сауалнама нәтижелері

European Students' Union (2015). Студенттердің "сапа" туралы көзқарасы: негіздерге оралу

European Students' Union (2015). Студенттердің «сапаға» көзқарасы: институционалдық талдау

European Students' Union (2013). Студенттердің "сапа" туралы көзқарасы: студенттерге арналған сапаны қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық

European Students' Union (2012). Болон процесі студенттер көзімен

European Students' Union (2011). Бірде- бір студент шетте қалмайды - жоғары оқу орындарында шешім қабылдауға арналған нұсқаулық

Джамиль Салми (2009). Әлемдік деңгейдегі университеттерді құру

OECD (2007). Қазақстандағы жоғары білім беру

Tempus (2012). Қазақстандағы жоғары білім беру

«Халықаралық жоғары білім беру» журналы

IQAA ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ

Структура РУ

ҰЛТТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

IQAA қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, Ұлттық өнеркәсіп палатасымен, Астана қаласы кәсіпкерлер қауымдастығымен әлеуметтік серіктестік қағидаттарына негізделген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық-талдау орталығы», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы, ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы, ҚР БҒМ «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы, Қаржы орталығы, университеттер, ғылыми-зерттеу институттары (орталықтары), колледждер, жұмыс берушілердің кәсіби бірлестіктері мен білім беру қызметтерін тұтынушылар да IQAA серіктестері болып табылады.

test center1

РМҚК «Ұлттық тестілеу орталығы»

Сайтқа өту
...

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ

Сайтқа өту
...

Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы

Сайтқа өту
...

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Сайтқа өту
...

«Астана даму орталығы» ЖШС

Сайтқа өту
...

Қазақстан студенттерінің альянсы

Сайтқа өту
atameken

«Атамекен» Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Сайтқа өту
...

«Қазақстанның ұлттық индустриалдық палатасы» өнеркәсіп иелері және кәсіпкерлер одағы (НИПК)

Сайтқа өту
...

Қазақстандық IT-компаниялардың қауымдастығы

Сайтқа өту
...

Қазақстан машина жасаушыларының одағы

Сайтқа өту
agmp

Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы

Сайтқа өту
logo

ҚР және Орталық Азия құрылысшылар одағы

Сайтқа өту

Астаналық туризм қауымдастығы

 

Сайтқа өту
sppk

Қазақстанның тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының Одағы

 

Сайтқа өту

Қазақстанның құрылысшылар қауымдастығы

 

Сайтқа өту

Қазақстанның салық төлеушілер және бухгалтерлер қауымдастығы

Сайтқа өту
KAZATO Logo copy 7

Қазақстан Республикасының халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағы (КазАТО)

Сайтқа өту
agmp

Қазақстандық тасымалдаушылар және вагон (контейнерлер) операторлары қауымдастығы

Сайтқа өту
kazavtoprom

Қазақстанның «КазАвтоПром» автокөлік саласы кәсіпорындарының одағы

Сайтқа өту
nta

Қазақстан Ұлттық Телекоммуникация қауымдастығы

Сайтқа өту
agmp

Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы (ТМКҚ)

 

Сайтқа өту

Қазақстан Республикасы жиһаз және ағашөңдеу өндіріс кәсіпорындарының қауымдастығы

Сайтқа өту

Қазақстанның стандарттау және метрология институты

Сайтқа өту
...

Нұр-Сұлтан қ. кәсіпкерлер палатасы

Сайтқа өту

{source}

<script> 
$('#recognition a').click(function(e){ 

e.preventDefault();
$(this).tab('show');
});
</script>
{/source}

13 бет. Барлығы: 16