2025 жылдың 26қыркүйегінде Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті базасында Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша:«Қысымдағы стратегиялар: университеттер үшін жаңа технологиялар мен қиындықтар» атты VIII Еуразиялық форумын гибридті форматта өткізеді.
- Жасанды интеллект
- Цифрландыру
- Микроквалификациялар
Форум бағдарламасы
VIII Еуразиялық форумға қатысуға университет қызметкерлерін, жоғары оқу орындары басшыларын, аккредиттеу және сапаны қамтамасыз ету басқармалары мен бөлімдерінің басшыларын, декандарын, кафедра меңгерушілерін, оқытушыларын, студенттер және барлық мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырамыз.
Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі VIII Еуразиялық форумның «Қысымдағы стратегиялар: университеттер үшін жаңа технологиялар мен қиындықтар» бағдарламасында Қазақстанның, жақын және алыс шет елдердің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары, проректорлары мен сарапшылары, жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық тізілімнің (EQAR) директоры Александр Шушняр , Словенияның жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттігінің (NAKVIS) директоры мен IQAA Бақылау кеңесінің мүшесі Франци Демшар< / b> және шетелдік аккредиттеу агенттіктері мен жоғары оқу орындарының басқа өкілдері сөз сөйлеуі жоспарлануда.