20 ақпанда КММ № 111 жалпы орта білім беру мектебі базасында Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы МКҚК ұйымдастыруымен «Білім беру ұйымын институционалдық аккредиттеуге дайындау: білім беру сапасын қамтамасыз ету тетіктері» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара институционалдық аккредиттеуден өтуге дайындалып жатқан елорда мектептерінің өкілдерін біріктіріп, орта білім беру сапасы мәселелері бойынша ашық кәсіби диалог алаңына айналды.
Семинарға агенттік президенті Ш.М. Каланова, әкімшілік басқару және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Д.М. Каланов, сондай-ақ мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын аккредиттеу департаментінің директоры А.М. Мақажанова және бас сарапшы Б. Ж. Мукалыкова қатысты. Талқылауға өзге де аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері қосылды.
IQAA президенті «Орта білім беру ұйымдарын аккредиттеу: әлемдік тәжірибе, заманауи сын-тегеуріндер мен шынайы жағдай» тақырыбында негізгі баяндама жасады. Баяндамасында агенттіктің даму стратегиясы, білім сапасын тәуелсіз бағалаудың ұлттық жүйесін қалыптастыруға қосқан үлесі, сондай-ақ Қазақстан мектептерін институционалдық аккредиттеудің заманауи тәсілдері таныстырылды.
IQAA халықаралық стандарттарына, сыртқы сараптамалық бағалау рәсімдеріне және білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесіне қойылатын талаптарға ерекше назар аударылды. Қатысушылар өзін-өзі бағалауға дайындалу және дәлелді базаны қалыптастыру бойынша практикалық ұсынымдар алды.
Өткізілген семинар агенттіктің білім сапасы мәдениетін дамытудағы және Қазақстан Республикасында тәуелсіз аккредиттеу тетіктерін нығайтудағы жетекші рөлін тағы бір мәрте айқындады.
Қырғыз Республикасының Ғылым, жоғары білім және инновация министрлігі