



2025 жылғы 5 қарашада IQAA Global Academic Integrity Network (GAIN) ұйымдастырған халықаралық онлайн-семинарға қатысты. Семинар жоғары білім берудегі жасанды интеллектті қолдану мәселелеріне және оның академиялық адалдыққа әсеріне арналды. Іс-шараға сондай-ақ әртүрлі елдердің университеттері мен аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында AI-детекторлардың тиімділігі бойынша зерттеу нәтижелері, оларды қолданудағы тәуекелдер мен этикалық аспектілер ұсынылды. Университеттердің академиялық адалдық мәдениетін қалыптастырудағы рөліне, сондай-ақ білім беру үдерісінде жасанды интеллектті пайдалануға қатысты ашық және айқын саясаттарды әзірлеудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.