19 наурыз 2026

IQAA Баку мемлекеттік университетінің (Әзірбайжан) білім беру бағдарламаларына сыртқы бағалау жүргізді

2026 жылғы 12–13 наурызда Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттік (IQAA) халықаралық аккредиттеу рәсімі аясында Бакинский государственный университет базасында білім беру бағдарламаларына сыртқы аудит жүргізді.

Сапар барысында Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының сарапшыларынан және Түркия, Словения, Пәкістан елдерінің халықаралық сарапшыларынан құралған сараптамалық топ университетте іске асырылып жатқан 14 білім беру бағдарламасына кешенді бағалау жүргізді. Сонымен қатар, оқу процесін ұйымдастыру, білім сапасын қамтамасыз ету жүйесі және ғылыми-зерттеу қызметі талданды.

Аудит шеңберінде сарапшылар заманауи зертханаларды аралап, университеттің жаңартылған инфрақұрылымымен танысты, сондай-ақ білім алу мен ғылыми зерттеулер жүргізуге жасалған жағдайларға баға берді.

Сапар қорытындысы бойынша сарапшылар тобы IQAA халықаралық аккредиттеу рәсімі аясында кейінгі шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты жинап, талданды.