15 желтоқсан 2025

IQAA қайырымдылық шарасы – 2025

13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекелері қарсаңында Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттік (IQAA) жалғызбасты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған дәстүрлі жыл сайынғы қайырымдылық акциясын оныншы рет өткізді

Бұл акция IQAA-ның корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлігіне айналып, Агенттіктің әлеуметтік әл-ауқатты дамытуға және ерекше қамқорлықты қажет ететін жандарды қолдауға ұмтылысын айқын көрсетеді. Биыл көмек Астана қаласының әртүрлі аудандарында тұратын 100-ден астам адамға көрсетілді.

Алдыңғы жылдардағыдай, азық-түлік өнімдері Агенттік басшылығы тарапынан алдын ала сатып алынып, кеңсеге жеткізілді және қызметкерлердің күшімен бірінші қажеттіліктегі өнімдер мен мерекелік тәттілерден тұратын сыйлық жиынтықтарына мұқият оралды. Жиынтық құрамына шай, сары май, күнбағыс майы, бұқтырылған ет, ірімшік, шоколад, жарма өнімдері, макарон өнімдері, сүт өнімдері, жемістер, жаңа жылдық сыйлық және басқа да өнімдер кірген 18 түрлі атау болды. Келесі күні атаулы сыйлықтар зейнеткерлерге тапсырыс берілген такси қызметі мен волонтерлердің көмегімен жеткізілді.

IQAA А.К. Қусаинов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институтының студент-волонтерлеріне сыйлықтарды дайындау мен таратуға белсенді қатысқандары үшін, сондай-ақ бастаманы қолдаған жоғары оқу орнының басшылығына ерекше алғыс білдірді.

Сыйлық алушылар Агенттік өкілдерін жылы лебіздерімен қарсы алып, өз оқиғаларымен және ізгі тілектерімен бөлісті. Мұндай шынайы кездесулер қайырымдылық бастамалардың маңыздылығын және осы игі дәстүрді жалғастыру қажеттігін тағы да дәлелдеді.

Қайырымдылық акциясы туралы толық суреттер IQAA Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында сілтеме арқылы қолжетімді.