12 желтоқсан 2025

IQAA INQAAHE Talks on Global Trends In Quality Assurance вебинарына қатысты

11 желтоқсан 2025 жылы Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің (IQAA) өкілдері жоғары білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы жаһандық үрдістерге арналған халықаралық вебинарға — INQAAHE Talks on Global Trends in Quality Assurance — қатысты.

вебинар INQAAHE Talks
вебинар INQAAHE Talks

 

Вебинарды Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттіктерінің халықаралық желісі (INQAAHE) ұйымдастырды және “Global Trends in Tertiary Education – QA Challenges and Opportunities in Internal and External Quality Assurance” атты екінші жаһандық зерттеудің жетекші сарапшылары мен авторларын біріктірді:

  • Dr. Susanna Karakhanyan — жоғары білімді реттеу және лицензиялау жөніндегі директор, INQAAHE-нің бұрынғы президенті, QA бастамалары бойынша ауқымды халықаралық тәжірибесі бар сарапшы;
  • Prof. Kevin Kinser — білім беру саясаты профессоры, халықаралық жоғары білім саласының маманы.

Сессияны INQAAHE президенті, QAA (Ұлыбритания) атқарушы директоры Vicki Stott жүргізді.

Іс-шара барысында ішкі және сыртқы сапаны қамтамасыз етудің өзекті сын-қатерлері мен мүмкіндіктері, аккредиттеу тетіктерінің трансформациясы, сондай-ақ QA жүйелерін өзгермелі білім беру парадигмалары мен оқытудың әртүрлі форматтарына бейімдеу мәселелері қарастырылды.

Осы вебинарға қатысу IQAA өкілдеріне халықаралық тәжірибемен, өзекті аналитикалық тәсілдермен және сапаны қамтамасыз ету жүйесін дамытудың перспективалық бағыттарымен танысуға мүмкіндік берді, бұл агенттік қызметін жаһандық үрдістер мен үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.