ENQA СТАНДАРТТАРЫ ЖӘНЕ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыздандыру стандарттары және нұсқаулықтары (ESG) Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру еуропалық қауымдастығының (ENQA) Студенттердің еуропалық одағымен (ESU), Жоғары оқу орындарының еуропалық қауымдастығымен (EURASHE) және Университеттердің еуропалық қауымдастығымен (EUA) бірлесе әзірленген ұсынысы бойынша 2005 жылы білім министрлерімен қабылданған.
2005 жылдан бері сапаны қамтамасыздандыру, сонымен қатар Болон үдерісінің басқа бағыттары аясында бірқатар ілгері қадамдар жасалды.
2012 жылы министрлер коммюникесі Е4 тобын (ENQA, ESU, EUA, EURASHE) Халықаралық білім беру, Бизнес Еуропа және Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың еуропалық реестрімен (EQAR) бірлесе «олардың айқындылығын, қолданбалылығын және пайдасын, соның ішінде қолданылу аясын жақсарту мақсатында» ESG қайта қарастырылған жобасын әзірлеуге шақырды.
ESG жаңа редакциясын әзірлеу негізгі мүдделі тараптардың, сонымен қатар министрліктердің қатысуымен өткізілген бірнеше кеңестер кезеңінен тұрады. Барлық ескертулер, ұсыныстар және нұсқаулықтар мұқият талданып, Басқарушы топпен (БТ) қабылданды. Олар Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігіндегі сапаны қамтамасыздандыруға арналған стандарттар және нұсқаулықтардың (ESG) соңғы нұсқасында орын алған. ESG жаңа стандарттары 2015 жылы Ереван қаласында (Армения) өткен Жоғары білім министрлерінің конференциясында қабылданған.
Жаңа ESG 2015 түпнұсқалық құжаты, оның бейресми аудармалары және қосымша ақпарат ENQA веб-сайтында ұсынылған.
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі ESG өзінің бейресми аудармасын (орыс тіліндегі) әзірлеген және төмендегі сілтемеде ұсынылады.