IQAA өкілдері Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру Еуропалық қауымдастығы (ENQA) ұйымдастырған семинарға қатысты. Бұл шара 2017 ж. 12-13 қазанда Гаага қ. (Нидерланды) Нидерланды және Фландрия аккредиттеу агенттіктерінің (NVAO) негізінде өтті. Семинар басында NVAO кеңесінің төрағасы Энн Флирман агенттік туралы қысқаша ақпарат ұсынды. ENQA директоры, Мария Кело, өз кезегінде, семинардың негізгі мақсатымен және өткізу рәсімімен таныстырды. Бұл семинар агенттіктердің дамуын…
 Бұл мастер-классты жоғары білім беру саласындағы халықаралық сарапшы (Германия), Экономика жоғары мектебінің кеңесшісі және ғылыми қызметкері (Мәскеу қ.) Лукас Бишоф өткізді. Мастер-класс жұмысына әдістемелік қызметтер басшылары, кафедра меңгерушілері, жоо және ғылыми-зерттеу институттарының оқытушылары болып қызмет атқаратын 35 адам қатысты. Бір күндік жұмыс барысында оқытудың жоспарланған нәтижелерін ескере білім беру бағдарламаларын әзірлеу алгоритмі, осы оқыту нәтижелерін құру жолдарын басқару әдістері,…
  2017 ж. 5 қазанда Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА-IQAA) Еуропадан келген халықаралық сарапшылардың, Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессорларының және Алматы менеджмент университеті өкілдерінің қатысуымен «Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау: принциптері және технологиялары» атты кезекті халықаралық оқыту семинарын өткізді.     Шараға 51 жоғары оқу орнынан, 12 ғылыми-зерттеу институттарынан және 2 колледжден жалпы 115 адам қатысты.…
2017 ж. 27 қыркүйекте «Атамекен» ҰКП негізінде «Рейтингтер, ЖОО сапасын бағалаудың тиімді құралы ретінде» тақырыбында семинар өтті. Бұл шараға Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің - БСҚА Президенті, п.ғ.д., профессор Ш.М.Каланова, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Э.Т. Жумагазиев, «Атамекен» ҚР ҰКП әлеуметтік саласы мен әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Т.К.Доскенов, «Атамекен» ҚР ҰКП адами капиталды дамыту департаментінің директоры О.Ордабаев…
2016 жылдың 11-13 қазанында өткен сыртқы бағалау нәтижелері бойынша, Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру Еуропалық қауымдастығының (ENQA) сарапшылар тобы біздің Агенттік жұмысының Жоғары білім беру Еуропалық кеңістігіндегі Сапаны қамтамасыздандыру стандарттарына және нұсқаулықтарына (ESG-2015) сәйкестігін растады. 2017 жылы 13-14 ақпанда Қауымдастықтың бас атқарушы органы, ENQA кеңесінің мәжілісінде IQAA 5 жылға толыққанды мүшелікті беру шешімі қабылданды. 2017 жылдың 3-наурызында Білім беру…

Additional Info

  • Баннер Баннер
  • Banner_middle Banner_middle
  • Banner_small Banner_small
  Астана қарасында 2016 жылдың 19-20 мамырда «Академиялық адалдық: мәселелері мен келешегі. Озық тәжірибе» атты халықаралық ғылыми форум өтті. Бұл іс-шараны КазГЮУ Университеті Назарбаев Университетімен және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ бірлесе ұйымдастырды. Форумның мақсаты - білім берудегі инновациялар аясында академиялық адалдылықты дамытудағы зерттеушілердің және практиктердің тәжірибе алмасуына арналған халықаралық платформаны ұйымдастыру. Форум аясында қатысушыларда практиктерді және зерттеушілерді біріктіретін секциялы…
Бұл шара 2016 жылдың 13-14 мамырында Краков қаласында (Польша) өткізілді. Форумның бірлескен ұйымдастырушысы болып Польша университеттерінің Аккредиттеу комиссиясы (PUC) және Польшаның Аккредиттеу агенттігі (PKA) қатысты. Семинар CEENQA президенті, Dr. Iring Wasser алғысөзімен басталды. Семинар аясында трансшекаралық білім беру сапасын қамтамасыздандыру мәселелерін қозғайтын тақырып талқыланды. Семинар аясында спикерлер болып трансшекаралық білім берудегі өздерінің көзқарастарымен бөліскен, түрлі аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері баяндама…
34 бет. Барлығы: 35