IQAA-logo
Independent Agency
for Quality Assurance in Education
  • FAQ
  • Contacts
  • Old site
  • ҚАЗ
  • РУС
  • ENG
Apply now
Promoting excellence in education
  • About us
    • About agency
    • Structure
      • Organizational Structure:
      • Supervisory Board
      • Accreditation Council
      • Appeals Commission
      • Complaints Commission
      • Expert Commissions
      • Management
    • Cooperation
      • National Cooperation
      • International Cooperation
        • Membership in International Networks
        • International Partners
    • International Activities
      • Conferences and Forums
      • European Projects
    • Documents
      • Regulatory and Legal Documents of the RK
      • International Documents
      • IQAA Documents
    • Publications
      • Thematic analyses
      • Bulletins
        • On the International Review of Higher Education
        • On the International TVET Review
      • Library
      • Presentations
      • Videos
    • Vacancies
    • Feedback
  • Preschool and Secondary Education
    • Accreditation
      • Standards for accreditation
      • Stages of Institutional accreditation
    • Register
    • Apply to become an expert
    • Apply for Accreditation
    • Threshold requirements
  • Technical and Vocational Education
    • The Torino Process
      • The Torino Process in Kazakhstan
    • Accreditation
      • Institutional Accreditation
      • Programme Accreditation
    • Register
    • Apply for Accreditation
  • Higher and Postgraduate Education
    • The Bologna Process
      • Main Documents of the Bologna Process
      • The Bologna Process in Kazakhstan
      • Glossary
    • Higher Education in Kazakhstan
    • HE Quality Assurance in Kazakhstan
    • Accreditation
      • Institutional Accreditation
      • Programme Accreditation
    • Experts
      • Expert Database
      • Training
      • Selection Criteria
      • Submit Application
    • Students
      • General Information
      • Informational videos
      • Student Participation
      • Guide
      • Prospective Students
      • How to become an expert?
    • Register
    • Apply for Accreditation
  • Additional Education
    • Additional Education
    • Register
    • Apply for Accreditation
  • Cross-border Activities
    • Documents
    • Cross-border Assessments
15 October 2023

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша VI Еуразиялық форумның қорытындысы

2023 жылғы 13 қазанда Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік (IQAA) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Агенттіктің 15 жылдығына арналған «ЖОҒАРЫ БІЛІМДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ЖОЛДАРЫ» тақырыбындағы білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі VI Еуразиялық форумды гибридті (онлайн және офлайн) форматта М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті негізінде (Астана қ.) ұйымдастырды.

Биыл жыл сайынғы Еуразиялық форум Агенттіктің 15 жылдығымен тұспа-тұс келді. Форумға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, АҚШ, Испания және Эстония мемлекеттерінен 60-тан астам университеттері мен білім саласындағы ұйымдарынан 220-дан астам адам (112 офлайн және 111 онлайн) қатысты.

Форумның «Жоғары білімдегі трансформациялаудың жаңа жолдары» тақырыбы екі сессиядан тұрды:

  • Университеттің цифрлық мәдениеті
  • Микрокредиттер және микро біліктіктер
VI Евразийский форум по обеспечению качества в высшем образовании
VI Евразийский форум по обеспечению качества в высшем образовании

 

«Университеттің цифрлық мәдениеті» атты бірінші сессиясы Maqsut Narikbayev University (ҚазГЮУ) провосты (ректоры) – Сергей Геннадьевич Пен «Университеттің цифрлық мәдениеті және оның академиялық саясатқа әсері» атты баяндамасымен және Narxoz университетінің Президенті – Мирас Мұхтарұлы Дауленов «Жасанды интеллект дәуірінде жоғары білім қалай өзгереді» атты баяндамасымен Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​университетінің ректоры – Ерқара Балқараұлы Аймағамбетовтың модераторлық етуімен басталды. Спикерлердің жасанды интеллект және оның ЖОО-дарының болашақ өміріндегі рөлі, заманауи жасанды интеллект ЖОО-дарының алға қойған мақсаттарына сәтті жету үшін шаралар қабылдауға қалай мүмкіндік беретіні туралы баяндамаларын тыңдаушылар ерекше ықыласпен қабылдады. IQAA президенті Қаланова Шолпан Мұртазқызы INQAAHE басқармасы атынан Сергей Пен мен Мирас Дәуленовты 2023 жылдың 30 мамырында Астана халықаралық қаржы орталығында өткен INQAAHE 2023 халықаралық конференциясында жоғары деңгейде баяндама жасағаны үшін олар уақытында ала алмаған сыймен марапаттады.

Сергей Пен

Сергей Пен

Мирас Дауленов

Мирас Дауленов

Сергей Пен
Мирас Дауленов

INQAAHE сыйымен марапаттауы

 

Келесі кезекте IQAA президенті Шолпан Мұртазқызы Каланованың модераторлық етуімен онлайн түрде келесі спикерлер сөз сөйледі::

  • Dr. Джамиль Салми – жоғары білім саласындағы әлемге әйгілі халықаралық сарапшысы, Бостон колледжінің жоғары білім беру орталығының (АҚШ) басқарма мүшесі, CHEA (АҚШ) Жоғары білімді аккредиттеу кеңесінің халықаралық тобының консультативтік кеңесінің мүшесі, «21 ғасырдағы оқытудың жаңа үлгілері және жаңа біліктіліктері» тақырыбындағы презентациясында мамандарды даярлау мен біліктіліктерді үйретудің жаңа көзқарасын ұсынды. Студент алдымен бір университетте оқып, екіншісінде өндірісте жұмыс істеп, үшінші оқу орнында диплом алады, қазіргі студенттердің білімі осылай өзгеруде.
  • Бақыт Ахатұлы Жәутіков – Сәтбаев университетінің Басқарма мүшесі – оқу ісі жөніндегі проректоры, «Қазіргі кезеңдегі ұлттық техникалық университеттегі жоғары білімді трансформациялау» баяндамасында цифрлық университеттің қазіргі үлгісімен, оның даму жолдарымен, Сәтбаев университетінің зерттеу хабының құрылымы мен жұмыс істеу принциптерімен таныстырды.
  • Лаззат Қалымбекқызы Еркінбаева – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – оқу ісі жөніндегі проректоры, «Цифрлық білім беру ортасы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тәжірибесі» атты баяндамасын цифрлық трансформация, тиімді ақпарат және білім беру жүйесін құру, білім беру платформаларын пайдалану, цифрлық білім беру технологиялары саласындағы жобаларды әзірлеу, жасанды интеллект жүйелерін пайдалану мәселелеріне арнады.

 

Jamil Salmi

Dr. Джамиль Салми

Zhautikov Bakhyt

Бақыт Жәутіков

Лаззат Еркинбаева

Лаззат Еркінбаева

 

Форумның «Микрокредиттер және микро біліктіліктер» атты екінші сессиясы да аса қарқынды түрде өтті. Отандық және шетелдік спикерлер өз университеттері мен аккредиттеу агенттіктерінің тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, сессияның бірінші жартысында «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитетінің төрағасы Талғат Қазкенұлы Доскенов келесі баяндамашылармен таныстырды::

  • Бауыржан Құмарғалиұлы Нұрахметов – Алматы технологиялық университетінің бірінші проректоры «Алматы технологиялық университетінің тәжірибесіне негізделген микрокредиттер және микробіліктілік заманауи білім беру үрдісі» тақырыбындағы баяндамасымен әлемдік тәжірибе мен бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне тоқталды, микробіліктілікті енгізудегі Қазақстандағы жағдай, микробіліктілікті дамыту тенденциялары бойынша зерттеулердің нәтижелері және «АТУ» АҚ микробіліктілік бағдарламаларын іске асыру тәжірибесі ұсынды.
  • Эстер Хуэртес – Каталондық аккредиттеу агенттігінің (Испания) сапаны қамтамасыз ету бөлімінің басшысы «Жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында кәсіптік оқытуға арналған микрокредиттер. Жоғары білім сәйкес рөл атқара ала ма?» баяндамасында «өмір бойы білім алу» тенденциясын, микрокредиттер мәселелерін, қысқаша оқыту бағдарламаларын пайдалану ерекшеліктерін, оларды бағалау және аккредиттеу мүмкіндіктерін қарастырды..
Бауржан Нурахметов

Бауыржан Нұрахметов

Эстер Уэртес

Эстер Уэртес

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Темірбекова Жанар Амангелдіқызының төрағалығымен өткен сессияның екінші жартысында келесі баяндамашылар сөз сөйледі:

  • Лиа Лаури – Эстония аккредиттеу агенттігінің департамент басшысы «Сапаны таңбалау және бағалау» тақырыбындағы презентация барысында цифрлық оқытудың негізгі мәселелерін, оқуда цифрлық құралдарды пайдалануды, электрондық курстарды әзірлеу бойынша ұсыныстарды және олардың сапасының критерийлерін талқылады.
  • Искаков Ринат Маратұлы – С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры «Атырау мұнай және газ университетінің дуалды тәсілдер арқылы компаниялардан микрокредиттер және микро біліктіліктер» тақырыбында баяндама жасады. Ол дуалды білім берудің артықшылықтары, дуалді бағдарламалар модульдерінің форматтары және олардың баламасы, 2023 жылғы жазғы индустриялық мектеп аясында микрокредиттер мен микро біліктіліктерді пайдаланудағы университеттің табысты тәжірибесімен бөлісті.
Лия Лаури

Лия Лаури

Ринат Искаков

Ринат Искаков

Барлық спикерлердің сөйлеген сөздері аудиторияда үлкен қызығушылық пен белсенді реакция тудырды, әрбір баяндамаға қойылған сұрақтар мен ескертулер Форумның тақырыптық бағытының даусыз өзектілігін растады.

Форум соңында жоғары оқу орындарының өкілдері IQAA президенті Шолпан Мұртазқызы Қаланованы және Агенттік ұжымын 15 жылдық мерейтойымен құттықтап, құттықтау сөздерін, гүл шоқтарын және естелік кәдесыйларын табыс етті.

0P1A2184 0P1A2192 0P1A2240 3

 0P1A2251 3 0P1A2295 2 0P1A2434 3

Өз кезегінде, Агенттік атынан Форумның барлық қатысушыларына Агенттікке айнымастығы, жылы пікірлері мен тілектері үшін алғысымызды білдіреміз! Барлығына жоғары білім беру жүйесін дамытуда жаңа табыстар мен еліміздің өркендеуін тілейміз!

Форумның фотосуреттерін Агенттіктің Facebook-тегі ресми парақшасынан көруге болады.

Ministry of Education of the Republic of Kazakhstan Ministry of Science and Higher Education of the Republic of Kazakhstan Ministry of Science and Higher Education of the Republic of Kazakhstan
Единая платформа высшего образования European Association for Quality Assurance in Higher Education The European Quality Assurance Register for Higher Education Ministry of Science, Higher Education and Innovation of the Kyrgyz Republic Ministry of Science, Higher Education and Innovation of the Kyrgyz Republic
International Network for Quality Assurance Agencies in Higher Education Asia-Pacific Quality Network Central and Eastern European Network of Quality Assurance Agencies The Council for Higher Education Accreditation GAIN ICAISA

Republic of Kazakhstan, Z05H9M7,
20 Dostyk Street, Astana,
"Saint Petersburg" Business Center, Office 801
+7 (7172) 27-38-20
info@iqaa.org
  • About agency
  • Site map
  • Contacts
  • Accreditation
  • FAQ
  • Ranking
© 2008-. Independent Agency for Quality Assurance in Education (IQAA).
All materials published on the website are the intellectual property of the Agency. It is prohibited to copy information from the site without the official permission of the site administration. Reproduction of the site materials is possible if you specify a direct active indexed link to the site https://iqaa.org. Copyright infringement entails legal liability.