13 октября 2021
IQAA ENQA-ның Академиялық адалдық жөніндегі жұмыс тобына қатысты
2021 жылғы 13 қазанда Академиялық адалдық бойынша жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастық (ENQA) жұмыс тобының үшінші онлайн-отырысы өтті. Жұмыс тобының төрағасы QAA Британдық агенттігінен Гаррет Кросман болды. Кездесудің бас хатшысы ENQA атынан Анна Говер болды. Аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері академиялық адалдық тәртіп бұзудың алдын алу саласындағы өз тәжірибелерімен қысқаша бөлісіп, жұмыс тобының одан арғы қадамдарын талқылады.…
08 октября 2021
Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша IV жыл сайынғы Еуразиялық форум, 2021 ж. 28-29 қазан
Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша IV жыл сайынғы Еуразиялық форум, 2021 ж. 28-29 қазан ЖАЛПЫ АҚПАРАТ ФОРУМ БАҒДАРЛАМАСЫ СПИКЕРЛЕР ЖӘНЕ МОДЕРАТОРЛАР «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA)» мемлекеттік емес мекемесі, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің қолдауымен, 2021 жылғы 28-29 қазанда «Өзгермелі әлемдегі жоғары оқу орындарының сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі» тақырыбында…
07 октября 2021
IQAA "Қазақстанда дуалды білім беру жүйесін енгізу" KazDual консорциумының кездесуіне қатысты
Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) 2021 жылғы 7 қазанда өткен "Қазақстанда дуалды жүйені енгізу" тақырыбындағы KazDual консорциумының кездесуіне қатысты. Бұл Capacity Building in Higher Education Erasmus + бағдарламасы бірлесіп қаржыландыратын үш жылдық жоба. Жобаның негізгі мақсаты жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес дуалды жүйе бойынша пилоттық бағдарламалар арқылы Қазақстанның жоғары оқу орындары түлектерінің біліктілігін арттыру болып табылады. Жоба, сондай-ақ…
01 сентября 2021
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдауды IQAA қызметкерлері үлкен қызығушылықпен тыңдады. Мемлекет Басшысы Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған негізгі басымдықтармен сөз сөйлеп, I) пандемиядан кейінгі кезеңдегі елдің экономикалық дамуына, ii) денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға,…
31 августа 2021
IQAA - да British Council басшылығымен кездесу өтті
2021 жылғы 31 тамызда Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) мен British Council басшылық арасындағы кездесу өтті. Қазақстанда 1994 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан British Council (BC) Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасында тәжірибе алмасуға және өзара түсіністікті нығайтуға, жастарға халықаралық деңгейде танылған сапалы білім мен біліктілік алуға ықпал ететін елдегі жетекші халықаралық ұйымдардың бірі болып…
28 августа 2021
Аккредиттеу Кеңесінің Төрағасы Ударцев Сергей Федоровичті мерейтойымен құттықтаймыз!
2021 жылғы 28 тамызда өзінің 70-жылдық мерейтойын Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (IQAA) Аккредиттеу Кеңесінің төрағасы, Алматы жоғары партия мектебінің доценті (1988-1992), КИМЭП Университетінің доценті, ҚР Конституциялық сотының судьясы (1992-1995), "Казатомөнеркәсіп" ҰАК заң қызметінің негізін қалаушысы, ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық сарапшылар палатасының мүшесі (2006-2007), Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі (2011), КАЗГЮУ құқықтық саясат және конституциялық заңнама…
25 августа 2021
IQAA мен QAA агенттігі (Ұлыбритания) арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды
2021 жылғы 25 тамызда Қазақстандағы Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) және Ұлыбританиядағы Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру агенттігі (QAA) өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. 1997 жылы құрылған QAA агенттігі Ұлыбритандық жоғары білім берудегі академиялық стандарттарды қамтамасыз ететін және халықаралық стандарттар мен сапа әзірлемелеріне қатысатын әлемдегі жетекші агенттіктердің бірі болып табылады. QAA-ның бас директоры Дуглас Блэксток IQAA-мен…
Страница 15 из 31
Министерство науки, высшего образования и инноваций Кыргызской Республики