ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2023-2024 оқу жылының басына Қазақстан Республикасында жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындарының саны 112 ұйымды құрады, оның ішінде 77 университет, оның ішінде зерттеу университеттері, 14 Академия, 10 институт және оларға теңестірілген консерваториялар, жоғары мектептер мен жоғары училищелер, 8 ұлттық жоғары оқу орындары, 3 ұлттық зерттеу университеті.

Тәуелсіздік жылдары мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында мемлекет жоғары білім беру жүйесінде ауқымды реформаларды жүзеге асырды. 2010 жылы Қазақстан Болон процесіне қосылды, жоғары оқу орындарын лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді, ЖОО филиалдарының қызметіне тыйым салынды, 2018 жылы ЖОО-дарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту бойынша заңнамалық өзгерістер енгізілді, 27 мемлекеттік ЖОО коммерциялық емес Акционерлік қоғамдар болып қайта құрылды, тәуелсіз және дербес ұйым ретінде Академиялық адалдық лигасы құрылды, 2019 жылдың 1 қаңтарында сырттай оқу тоқтатылды, соңғы жылдары гранттар бойынша жоғары оқу орындарына қабылдау ережелері күшейтілді.

2023-2024 оқу жылының басында жоғары оқу орындарындағы студенттердің жалпы саны 635157 адамды құрады, оның ішінде бакалавриат бағдарламалары бойынша – 592700, магистратура бағдарламалары бойынша - 36491, докторантура бағдарламалары бойынша – 5966 адам.

2022-2023 жылдың басында ПОҚ жалпы саны 36,4 мың оқытушыны құрады, оның ішінде магистрлер 39%, ғылым кандидаттары - 29%, доценттер - 13%, философия докторлары (PhD) - 10%, ғылым докторлары - 7%, профессорлар - 6% және бейіні бойынша докторлар - 1%.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі көп деңгейлі және үздіксіздігімен сипатталады және келесі білім деңгейлерін қамтиды:

  • 0. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту - 1/6 жастан бастап.
  • 1. Бастауыш білім (4 жыл); қабылдау - 6/7 жастан бастап.
  • 2. Негізгі орта білім; қабылдау - 10/11 жастан бастап.
  • 3. Орта білім; қабылдау - 15/16 жастан бастап:
  • - жалпы орта білім;
  • - техникалық және кәсіптік білім: жұмысшы және орта деңгейлі маманның біліктілігі, қабылдау - 15/16 жастан бастап.
  • 4. Орта білімнен кейінгі білім: жоғары деңгейлі жұмысшының біліктілігі; қабылдау - 17/18 жастан бастап.
  • 5. Толық емес жоғары білім - қолданбалы бакалавриат; қабылдау- 17/18 жастан басап.
  • 6. Жоғары білім: бакалавр біліктілігі, медициналық мамандықтар бойынша маман; қабылдау - 17/18 жастан бастап.
  • 7-8. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім: магистратура және PhD докторы біліктілігі.

Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымы «Білім туралы» Заңмен (27.07.2007) реттеледі. 2010 жылы Болон декларациясына қол қоюмен Қазақстанда «бакалавр-магистр-доктор PHD» жоғары деңгейлі білім беру жүйесі енгізілуде. Бұл құрылым өзінің заңды растамасын «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тапты:

1) Жоғары базалық білім - бакалавриат бағдарламасы - оқу мерзімі 4 жыл;

2) Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, оның ішінде оқытудың ғылыми-педагогикалық бағыты - магистратура - мамандандырылған магистратурада оқу ұзақтығы - 1 жыл, ғылыми-педагогикалық - 2 жыл;

3) Философия докторларын (PhD), бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламасы – докторантура – магистратура бағдарламаларын аяқтағаннан кейін. Оқу ұзақтығы-кем дегенде 3 жыл немесе одан көп.

Болон декларациясына сәйкес сынақ бірліктері немесе кредиттер жүйесін енгізу білім беру бағдарламаларын тануды қамтамасыз етеді. Оқытудың кредиттік технологиясын енгізу ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық деңгейде тануға, студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру сапасын арттыруға және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің барлық деңгейлері мен сатыларының сабақтастығын қамтамасыз етуге елеулі үлес болып табылады. Демек, еліміздің барлық жоғары оқу орындары ECTS типі бойынша әзірленген кредиттерді қайта есептеудің қазақстандық моделін пайдаланады (ECTS туралы біздің парақшамызға сілтеме). ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System / Еуропалық сынақ бірліктерін аудару жүйесі) - білім беру бағдарламасын немесе жеке курсты меңгеру кезінде студенттің оқу жүктемесін өлшеудің әмбебап жүйесі.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Жоғары оқу орындарына жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар қабылданады.

ЖОО-ға қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде немесе ақылы негізде ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру туралы сертификат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес түлектер ҰБТ-ны 5 рет тапсыра алады. Мамыр мен шілде айлары аралығында ҰБТ тапсырған талапкерлер мемлекеттік білім беру грантын беру конкурсына қатыса алады.

2010 жылдың наурызында Қазақстан ресми түрде Болон декларациясына қосылып, Еуропалық білім беру кеңістігінің 47-ші мүшесі және Еуропалық білім беру кеңістігінің толық мүшесі болып танылған бірінші Орта Азия мемлекеті болды.

Болон декларациясына қол қойылуына байланысты, ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес, 2011 ж. басында Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында, студенттер мен оқытушылар мобильділігін, білім сапасын жақсарту мақсатында, ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System) негізделген оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді.

Бір қазақстандық академиялық кредиттің еңбек сыйымдылығы (30 академиялық сағат) 1 ECTS кредитіне сәйкес келеді (25-30 академиялық сағат). ECTS жүйесі бойынша кредиттерді қайта есептеу коэффициенттері білім деңгейіне және оқу түріне (теориялық, зертханалық, студиялық және т.б.) байланысты өзгереді. Профессор-оқытушылар құрамының жүктемесін жоспарлау академиялық сағаттармен және кредиттермен жүргізіледі.

 

COVID-19 пандемиясы оқу процесіне айтарлықтай түзетулер енгізді. Еліміздің барлық жоғары оқу орындары жаңа болмысқа бейімделу үшін оқытудың онлайн форматына көшуге мәжбүр болды. Пандемия жоғары білім беру саласына жаһандық ауқымда неғұрлым үлкен ықпал көрсеткенімен, ол өз процестерін қашықтан форматқа көшіруге дайындалған Қазақстандағы аздаған салалардың бірі болғанын атап өткен жөн.

2020 жылдың 16 наурызынан бастап еліміздің 116 ЖОО қашықтықтан оқытуға көшті. Студенттердің басым көпшілігі үйде оқыды, алайда 5 мың қазақстандық студент және 4 мың шетелдік студент оқу орны бойынша жатақханаларда қалды, өйткені жатақханаларда қашықтықтан оқыту үшін жағдайлар жасалған болатын.

Еліміздің жоғары оқу орындары оқу процесіне қашықтықтан оқыту технологияларын енгізуде белгілі бір тәжірибеге ие, өйткені кейбір жоғары оқу орындары оқытудың аралас нысанын, ал басқалары – қашықтықтан оқыту форматын пайдаланған болатын. Жоғары оқу орындары ZOOM, Platonus, Moodle, Microsoft Teams, Webex Cisco және басқалары сияқты арнайы платформаларды пайдаланады. Бірқатар университеттерде өздігінен дамыған платформалар қолданылады. Пандемияның қиын жағдайында университеттер өз қызметкерлері мен оқытушылар құрамына оқыту курстарын ұйымдастыруға қолдау көрсетті. Барлық жоғары оқу орындары мен колледждерде студенттер мен оқытушыларға техникалық қолдау көрсететін Help Desk-жүйесі жұмыс істейді. Өзекті ақпарат алу және білім беру процесін жақсарту үшін студенттерге, оқытушылар құрамына және қызметкерлерге қанағаттану бойынша тұрақты түрде сауалнама жүргізіледі.